Конституциялық комиссия құрамының тізімі жарияланды

21:59, 21 қаңтар 2026

© Фото: zakon.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлыққа қоса бекітілген құжатта аталған комиссия құрамына мүше тұлғалардың тізімі де берілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссияның) құрамы:

  • Әзімова Эльвира Әбілқасымқызы ‒ Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының төрағасы, Конституциялық комиссияның төрағасы
  • Қарин Ерлан Тынымбайұлы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары
  • Балаева Аида Ғалымқызы ‒ Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары
  • Жарылғанов Айдар Төлетайұлы – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі, Конституциялық комиссияның хатшысы

Комиссия мүшелері:

Айнабеков Мейрамхат Кәрібекұлы – Абай облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы;

Ақылбай Серік Байсейітұлы – «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары;

Алтынбеков Бекзат Құмарұлы – «Amanat» партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, Қарағанды облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы;

Асанов Жақып Қажыманұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары;

Атабаева Гүлзира Нұржанқызы– «Келешек» жастар кеңесінің жетекшісі;

Ахметзакиров Наиль Рафисұлы – Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы;

Әбенов Мұрат Абдуламитұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;

Әбішев Ғазиз Серікұлы – саяси шолушы;

Әбішов Нұралы Әлмаханұлы – Түркістан облысы мәслихатының төрағасы;

Әзілханов Марат Алмасұлы – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының 2 орынбасары;

Әленов Бауыржан Төлегенұлы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары;

Әубәкірова Индира Оралқызы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;

Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;

Әшімова Аяужан Тұрсынбекқызы ‒ Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы;

Байбеков Шалқар Заманбекұлы – Абай облысы мәслихатының төрағасы;

Байғожаев Қуат Сұлтанұлы ‒ Алматы облысы мәслихатының төрағасы;

Балтабаев Әділ – журналист, «President» тележобасын жүргізуші;

Башимов Марат Советұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;

Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Аманат» партиясы фракциясының жетекшісі;

Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы;

Борчашвили Исидор Шамилович – Астана халықаралық университеті Жоғары құқық мектебінің профессоры, заң ғылымдарының докторы;

Бубенко Владимир Степанович – Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы;

Бурахан Ернұр Көшерханұлы ‒ «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;

Годунова Наталья Николаевна – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;

Ғайыпов Зұлфухар Сұлтанұлы – Астана қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы;

Дәулеталин Сатыбалды Телағысұлы – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы;

Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы – «Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры;

Дүйсенов Еркін Эрманұлы – «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары, бірінші проректор, профессор, заң ғылымдарының докторы;

Егізбаев Серік Рахметоллаұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі;

Ерғалиев Әсет Арманұлы – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы;

Ерғарин Дәурен Тілекұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі;

Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі;

Еспаева Дания Мәдиқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары;

Ещанов Сайлаубек Ерғазыұлы ‒ Қостанай облысы мәслихатының төрағасы;

Жақаева Лейла Сұлтанқызы – Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының профессоры, заң ғылымдарының докторы;

Жақыпбаев Қайрат Төлегенұлы – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының cудьясы;

Жаманқұлова Қарлығаш Қалибекқызы – «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті;

Желдібай Руслан Сұлтанұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы;

Жиенбаев Ержан Нұрланұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі;

Жұмырбаев Тимур Ғабдулұлы – «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлы – Маңғыстау облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы;

Жылқышиев Байділда – Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы;

Зәкиева Динара Болатқызы – Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл;

Зейнұлқабден Табиғат – Астана қаласы мәслихатының төрағасы;

Илеуова Гүлмира Тоқшалыққызы – «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының басшысы;

Имашева Снежанна Валерьевна – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы;

Исетов Арман Асқарұлы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;

Кенжеханұлы Рауан – «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті;

Ким Вера Александровна – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы;

Кузиева Замира Зәкіржанқызы – Астана қаласы «Единый консолидирующий центр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарушы директоры;

Күнтуған Еркежан – «Жібек жолы» телеарнасының директоры;

Қадыров Данияр Рамазанұлы – «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті;

Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;

Қалтаева Ләззат Молдабекқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Инклюзиялар жөніндегі кеңестің төрағасы;

Қамзабекұлы Дихан – «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры;

Қарабасова Лаура Шапайқызы – «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректор;

Қарағойшин Рустам Тимурұлы – «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;

Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы – Астана қаласының әкімі;

Қобжанов Нұркен Сайфиддинұлы – Қарағанды облысы мәслихатының төрағасы;

Қожаназаров Айдарбек Асанұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Respublika» партиясы фракциясының жетекшісі;

Көпжасарұлы Ерқанат – журналист, «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясының тележүргізушісі;

Құлкенов Мереке Әбдешұлы – «Қазақстан жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

Құлшыманов Қанат Амангелдіұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі;

Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы – қоғам және мемлекет қайраткері;

Күлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы – Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының ғылыми жетекшісі;

Қырықбаев Арман Оразбайұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі;

Лаврентьев Андрей Сергеевич – «Allur Group» компаниялар тобы» акционерлік қоғамы және «Qarmet» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы;

Ластаев Артур Ермекұлы – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл;

Магеррамов Магеррам Мамедович – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халық партиясы фракциясының жетекшісі;

Малахов Дмитрий Михайлович – Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы;

Малиновский Виктор Александрович – «Нархоз Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры;

Матаев Жаңбырбай Жәнібекұлы – Маңғыстау облысы мәслихатының төрағасы;

Мерғалиев Асламбек Амангелдіұлы – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы;

Мұқаев Мұрат Рахметұлы – Батыс Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы;

Мырзағараев Мәди Жомартұлы – Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы;

Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы – Қызылорда облысының әкімі; Нәрікбаев Талғат Мақсұтұлы – «М.С.Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;

Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы – Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы;

Нұралиев Әбдәлі Тоқбергенұлы – Жамбыл облысы мәслихатының төрағасы;

Нұрғалиева Мәдина Маратқызы ‒ «Amanat» партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры;

Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы – саясаттанушы;

Нұрмұханов Бақыт Маратұлы – Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары;

Нұртаза Самат Русланұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;

Ойшыбаев Кемелбек Бақтығұлұлы – «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;

Оңғарбаев Еркін Әнуарұлы – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы;

Отыншиев Мейіржан Батырбекұлы ‒ Алматы қаласы мәслихатының төрағасы;

Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлы – Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары;

Перепечина Ольга Валентиновна ‒ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары;

Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі;

Пономарёв Сергей Михайлович – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;

Рақымжанов Асхат Нұрмағамбетұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының жетекшісі;

Рожин Максим Николаевич – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;

Рыпаков Денис Сергеевич – Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы;

Сабильянов Нұртай Салихұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы;

Сапиев Бақытжан Шаймұхаметұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі;

Сарым Айдос Әміроллаұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;

Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы – Алматы қаласының әкімі;

Сәдуақасова Айгүл Кәкімбекқызы – «Философия, саясаттану және дінтану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;

Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы– Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

Сұраған Дурвудхан – математик, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі;

Сүйінтаева Гүлқасима Рамазанқызы ‒ Ақтөбе облысы мәслихатының төрағасы;

Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі;

Теренченко Илья Сергеевич ‒ Павлодар облысы мәслихатының төрағасы;

Тойлыбаева Гүлнәр Қожағұлқызы ‒ Жетісу облысы мәслихатының төрағасы;

Тоқтамұрат Армангүл – журналист, «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясының продюсері; Тоқшалық Ерлан Бейсенұлы ‒ Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы; Толықбай

Мақсат Мәлікұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;

Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы ‒ «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректор;

Тілеуберді Мұхтар Бескенұлы – Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Тұрақты өкілі;

Тілеуімбетов Мұрат Жолкелдіұлы ‒ Қызылорда облысы мәслихатының төрағасы;

Ударцев Сергей Федорович – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы;

Умарова Айман Мұратқызы – адвокат, «Правозащитники» қоғамдық қорының тең құрылтайшысы;

Фазылжан Анар Мұратқызы – Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі;

Хайруллиев Мұса Қарашаұлы ‒ Атырау облысы мәслихатының төрағасы;

Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлы – Қызылорда облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі;

Шаймарданов Жандос Нұрланұлы ‒ «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры;

Шапақ Үнзила ‒ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы;

Шаталов Никита Сергеевич – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;

Шибутов Марат Максұмұлы – саясаттанушы;

Шыңғысбаева Ләззат Алтынбекқызы – «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы;

Шыңғысов Бауыржан Қабденұлы ‒ Ұлытау облысы мәслихатының төрағасы;

Ысқақова Жұлдызай Амангелдіқызы – «Қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;

Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;

Юсупов Мейіржан Бақытұлы – «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойғаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!