Археологтар миналанған аумақтан алтын толы қазына тапты
© Сурет: pixabay
Люксембургте археологтар жасы шамамен 1700 жыл болатын рим дәуіріне тән алтын теңгелерден құралған аса құнды қазына тапты. Бұл олжа римдік бекіністің іргетасына жасырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Live Science басылымының жазуынша, ғалымдар Люксембургтің солтүстігінде орналасқан Хольцтум ауылынан б.з. 364-408 жылдары соғылған 141 алтын монетаны анықтаған.
Теңгелерде сегіз рим императорының бейнесі бейнеленген. Алайда олардың үшеуінде күтпеген тұлға – Батыс Рим империясының заңсыз билеушісі Евгенийдің суреті салынған. Ол небәрі екі жыл ғана (392–394 жж.) билік құрған.

Сурет: C. Nosbusch/INRA
Басылым дерегіне сүйенсек, Евгений Батыс Рим императоры Валентиниан II жұмбақ жағдайда асылып өлгеннен кейін таққа келген. Алайда, Шығыстағы христиан императоры Феодосий I Евгенийді мойындамай, оның діни төзімділікке негізделген саясатын құптамады. Осының салдарынан қарулы қақтығыс басталып, 394 жылдың қыркүйегінде Фригидус өзенінің маңындағы шайқаста Евгений жеңіліп, қаза тапты. Оның билігі өте қысқа болғандықтан, Евгенийдің аты бейнеленген теңгелер аса сирек кездеседі.
Табылған жәдігердің тарихи маңызы зор болғандықтан, ол туралы ақпарат шамамен төрт жыл бойы құпия сақталған. Қазба жұмыстары INRA ұйымының жетекшілігімен 2020–2024 жылдар аралығында жүргізілген.
Сонымен қатар археологтар қауіпті жағдайда жұмыс істеуге мәжбүр болған. Себебі бұл аумақта Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар көп көмілген. Осыған байланысты қазба жұмыстарына Люксембург армиясының саперлік қызметі де тартылған.
Бұған дейін Чехияда жасы 26 мың жыл болатын "ежелгі адамның бет-бейнесі" табылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:08, 22 қаңтар 2026
1 миллиард долларға дейін: Путин Гренландияның құнына болжам жасады
-
11:56, 22 қаңтар 2026
«Қайрат» құрамасы «Брюггемен» өткен ойын жайлы пікір білдірді
-
11:45, 22 қаңтар 2026
41 жастағы Ерке Есмахан жағымды жаңалығымен бөлісті
-
11:35, 22 қаңтар 2026
Оңтүстік Қазақстанда 40 жылдан кейін алғаш рет каналдар тазартылуда
-
11:27, 22 қаңтар 2026
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы – 22 қаңтар





