Әр балаға қосымша төлем: Қазақстанда ай сайын 1,5 АЕК кімдерге төленеді
© Фото: Zakon.kz
Қазақстанда 2025 жылы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 54,4 мың отбасыдан шыққан 292,7 мың адамға тағайындалып, жалпы сомасы 33,4 млрд теңгені құрады. Бұл туралы 2026 жылғы 22 қаңтарда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство өкілдері атаулы әлеуметтік көмек бірнеше қолдау түрін қамтитынын еске салды. АӘК аясында әрбір балаға ай сайын 1,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде қосымша төлем қарастырылған.
АӘК мыналарды көздейді:
- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2025 жылы АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 91,1 мың балаға 4,1 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
АӘК тағайындауға өтінішті қазақстандықтар тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:53, 7 маусым 2026
Алматыда түнгі клубта өнер көрсеткен рэп орындаушы полиция бөлімінен бір-ақ шықты
-
17:39, 7 маусым 2026
Дүйсенбіде еліміздің төрт өңірінде аптап ыстық болатыны болжанады
-
16:57, 7 маусым 2026
Анна Данилина тағы да «Ролан Гаррос» турнирінің жеңімпазы атағынан қағылды
-
16:49, 7 маусым 2026
Алматыда жылтырға оралған ер адамның денесі табылды
-
16:49, 7 маусым 2026
Алматыда тамаққа арналған жылтырға оралған ер адамның денесі табылды





