Алматыда алаяқтарға алданған тұрғындардың 700 млн теңгесі қайтарылды
© Сурет: Zakon.kz
Алматы интернет-алаяқтыққа қарсы жан-жақты күрес жүргізіп жатыр. Былтыр осындай 2,5 мыңнан астам қылмыс тіркеліп, жапа шеккен азаматтарға 700 млн теңгедей қайтарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еркебұлан Қойшыбаевтың айтуынша, өтірік сайт пен интернет-дүкен ашып, онлайн мәміле кезіндегі алдап, "жұмыс" немесе "инвестиция" деген желеумен азаматтарды осындай жолмен ақша табуға тартып, банк пен қауіпсіздік қызметінің өкілі болып қоңырау шалу көп кездеседі екен.
Мұндай қылмыстарға қарсы іс-қимыл жасау үшін "Кибернадзор" ақпараттық жүйесі қолданылады. Оның көмегімен зиянды контенті бар ресурстарды қоса алғанда, 17,6 мыңнан астам осындай сайт пен сілтеме бұғатталыпты.
Сондай-ақ алдын алу жұмысы да қоса жүргізіліп жатыр:
- банкоматтардың маңына полиция қызметкерінің 355 макеті орналастырылды;
- 470 баннер орнатылып, 1 400-ден астам бейнеролик даярланды;
- 3 400-ден астам профилактикалық акция мен әртүрлі салада 3 400-ден астам дәріс өткізілді;
- шамамен 160 мың жадынама мен парақша таратылды;
- 90 мыңнан астам мессенджер-чатта бейнероликтер шықты.
"Интернет-алаяқтықпен күресу полицияның ғана жұмысы емес, онымен әр адам күресуі керек, сақтануы керек. Кодты, парольді, картадағы деректі ешкімге айтпаңыз, күмәнді сілтемелерге жоламаңыз. Күмән туса бірден полицияға, банкке жүгінген жөн", – деп ескертті Еркебұлан Қойшыбаев.
Спикер сондай-ақ қалалық әкімдік, қоғамдық ұйымдар, банктер мен білім беретін мекемелермен бірлесіп, қазір барлық жастағыларды қамтитын ауқымды алдын алу жұмысы да қолға алынғанын атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:02, 22 қаңтар 2026
«Алматы-Ташкент» тасжолында жеңіл көлік арыққа түсіп кетті
-
20:30, 22 қаңтар 2026
Қарин республикалық этномәдени бірлестіктердің басшыларымен кездесу өткізді
-
20:20, 22 қаңтар 2026
Қазақстандық спортшы тау шаңғысынан Италиядағы жарыста топ жарды
-
20:09, 22 қаңтар 2026
Алматыда 2026 жылы корпоративтік табыс салығын кім және қалай төлейтіні айтылды
-
19:50, 22 қаңтар 2026
Қазақстандық семсерлесушілер Қатарда өтетін Гран-приде бақ сынайды





