Астадан ұшып шықпақ болған «Брюгге» футболшылары тосын жағдайға тап болды
© Сурет: freepik
Футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңі ойындары аясында Астанада Қайрат командасымен болған матчтан кейін еліне кері оралмақ болған бельгиялық Брюгге футбол клубының мүшелері тосын жағдайға тап болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жексенбіден бері Астанада клуб ұшағының аязда тұрып қалуына байланысты техникалық ақаулар туындаған. Ұшақтың қозғалтқышының қатып қалғаны белгілі болғанда "Брюгге" футболшылары мен бапкерлер құрамы ұшақта болған, деп жазады Sports.kz.
Ұшу уақыты бес жарым сағатқа кешіккен, яғни қонақ спортшылар мінген ұшақ Астанадан түнгі 2-00-дің орнына таңғы 7-30-да әуеге көтерілген.
Бельгияға дейінгі ұшудың өзі сегіз сағатқа жуық уақытты алады. Жалпы алғанда, бельгиялық клубтың жолға жұмсаған уақыты 13 сағаттан асып кеткен. Ал осы сенбіде "Брюгге" Белгия чемпионаты аясындағы матч күтіп тұрған. Сондықтан аталған жағдай футболшылардың жай-күйіне кері әсер етуі ықтимал.
Айта кетсек, 20 қаңтарда Астанада өткен матч кезінде "Брюгге" "Қайратты" 4:1 есебімен ойысата жеңді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:24, 21 қаңтар 2026
«Боран соғып, қар жауады». Алматы мен 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
-
21:59, 21 қаңтар 2026
Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамының тізімі жарияланды
-
21:59, 21 қаңтар 2026
Конституциялық комиссия құрамының тізімі жарияланды
-
21:33, 21 қаңтар 2026
Тоқаев Конституциялық комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды
-
20:54, 21 қаңтар 2026
Депутат қыз алып қашуға қатысқан барлық адамды, тіпті апаларды да қамауға шақырды





