Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтарға айыппұлсыз әрі депортациясыз елден шығуға соңғы мүмкіндік берілді
© Фото: unsplash
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Оңтүстік Кореяда заңды негізсіз тұрып, жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар елден өз еркімен айыппұлсыз және қайта кіруге тыйым салынбай шығу мүмкіндігіне ие екенін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның нақтылауынша, бұл мүмкіндік 2026 жылдың ақпан айының соңына дейін қолданыста болады.
ЕХӘҚМ баспасөз қызметі 2026 жылғы 22 қаңтарда ерікті түрде елден шығу бағдарламасын ұзарту жөніндегі келісім Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Оңтүстік Кореяның Әділет министрлігі арасында 2025 жылы-ақ жасалғанын атап өтті.
Бұл шаралар құқықтық салдарларды жеңілдетуге және өз мәртебесін реттеуге дайын адамдарды қолдауға бағытталған. Бағдарлама қылмыстық құқықбұзушылық жасаған, мәжбүрлеп шығару шарасына жататын, сондай-ақ 2025 жылғы 1 желтоқсаннан кейін заңсыз мәртебеге түскен шетелдіктерге қолданылмайды.
Бағдарламаға қатысу үшін төлқұжат, өз еркімен кету туралы өтініш және әуе билеті қажет. Алдын ала хабарлама Корея Республикасының иммиграция кеңселері арқылы ұшу күніне дейін 15-тен 3 күнге дейінгі мерзімде беріледі.
ЕХӘҚМ қазақстандықтарды шетелде тек заңды негізде жұмысқа орналасуға шақырады. Бұл заңсыз көші-қон, елден шығарып жіберу, айыппұлдар, құқықтық шектеулер және еңбек қанауы сияқты тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік береді.
Тек ресми және тексерілген еңбек ресурстары арналарына жүгіну қажет: лицензияланған жеке жұмыспен қамту агенттіктері, мемлекеттік бағдарламалар және жұмыс берушілердің ресми ұсыныстары.
ЕХӘҚМ шетелде жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:16, 22 қаңтар 2026
«Телефонымды автобуста ұмытып кеттім»: Таразда полицейлер жасөспірімге көмектесті
-
12:08, 22 қаңтар 2026
1 миллиард долларға дейін: Путин Гренландияның құнына болжам жасады
-
11:56, 22 қаңтар 2026
«Қайрат» құрамасы «Брюггемен» өткен ойын жайлы пікір білдірді
-
11:45, 22 қаңтар 2026
41 жастағы Ерке Есмахан жағымды жаңалығымен бөлісті
-
11:35, 22 қаңтар 2026
Оңтүстік Қазақстанда 40 жылдан кейін алғаш рет каналдар тазартылуда





