Бишімбаев ісі бойынша судьяны белгісіз біреулер қорқытуда. Бірден 2 қылмыстық іс қозғалды

14:02, 19 сәуір 2024

© Сурет: Telegram/Jogargy_sot

Жоғарғы Сот Бишімбаев пен Байжановтың ісі бойынша судья А.Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоғары соттың мәліметінше, судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен.

"Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі (Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу) бойынша сотқа дейінгі Іс жүргізу басталды."ҚР Жоғары соты

Судья, жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, интернет кеңістігінде жүргізілген мониторинг барысында судьяға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттері бар көптеген жағымсыз жарияланымдар анықталғанын атап өтті.

"Тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша тергеу органы Қылмыстық кодекстің 411-бабының 1-бөлігі (Судьяға жала жабу) бойынша қылмыстық іс қозғады."ҚР Жоғары соты баспасөз қызметі

Сондай-ақ, Жоғары сот заң кез келген адамға сот төрелігін жүзеге асыру процесіне, оның ішінде судьяның атына жала жабу немесе қорқыту сипатындағы материалдарды жариялау жолымен, ықпал етуге тыйым салатынын ескертті.

"Сот билігінің беделін түсіретін әрекеттердің жолы кесілетін болады.",- деп түйіндеді Жоғары сот

Айта кетейік, экс-министр мен оның ағасының ісі елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. Судья болып осы соттың төрағасы Айжан Құлбаева тағайындалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!