Білім беру жинақтау салымы бойынша түзетулер енгізілді
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ғылым және жоғары білім министрі мен Оқу ағарту министрінің бірлескен бұйрығымен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Білім беру жинақтау салымы (салым) – салымшының немесе енгізушілердің жарналарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері есебінен жарналарын, қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақылары мен мемлекет сыйлықақысын қамтитын, салымшының қатысушы банк шотындағы ақшасы.
Салым қаражатын нысаналы мақсатта алу жағдайларын (ақшаны білім беру ұйымына бөліктермен аудару) және нысаналы жинақ төлемдерді уәкілетті операторда ашылған салымшының банктік шотына қайтаруды қоспағанда, салымшының банктік шотынан ақшаны ішінара алуға жол берілмейді.
Салымшы қайтыс болғанда не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда, салым:
- оның мұрагерлерімен кез келген үшінші тұлғаның пайдасына ашылған (ашылатын) салымға жіберіледі (қайта ресімдеу);
- мемлекет сыйлықақысы сақтала отырып, оның мұрагерлеріне Шартты бұзу талаптары бойынша төленеді.
Сот әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп таныған немесе денсаулық жағдайына байланысты салымшының оқуды жалғастыруға қабілеті болмаған жағдайда, есептелген нысаналы жинақ төлемдерін қоспағанда, салым:
- салымшымен/заңды өкілмен кез келген үшінші тұлғаның пайдасына ашылған (ашылатын) салымға жіберіледі (қайта ресімдеу);
- мемлекет сыйлықақысы сақтала отырып, салымшыға/заңды өкілге Шартты бұзу талаптары бойынша төленеді.
Бұл ретте, қатысушы банк есептелген нысаналы жинақ төлемдерін осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген оқиғалардың басталғанын растайтын құжаттар келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті операторда ашылған салымшының банктік шотына аударады.
Салымшы/заңды өкіл:
- салымға ақша енгізуге, оның ішінде қатысушы банк ұсынған тәртіпте және мерзімдерде;
- салымның жай-күйі туралы толық ақпарат алуға;
- салымды бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке толық көлемде бір жылда бір реттен асырмай аударуды жүзеге асыруға;
- Шарт бойынша мемлекет сыйлықақысын алуға;
- қатысушы банк Заңның талаптарына сай келмейді деп танылғанда және қатысушы банк пен оператор арасындағы ынтымақтастық туралы келісім бұзылған жағдайда салымда жинақталған қаражат сомасын қатысушы банктің есептелген сыйақысымен және мемлекет сыйлықақысымен, сондай-ақ есептелген нысаналы жинақ төлемдерімен (бар болса) бірге кез келген басқа қатысушы банкке аударуға;
- жинақталған қаражат сомасын, есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) қоспағанда, қатысушы банктің есептелген сыйақысымен және мемлекет сыйлықақысымен бірге Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның атындағы бірыңғай тізілімде тіркелген салымға аударуға;
- шетелдік білім беру ұйымына оқуға түскен жағдайда есептелген мемлекет сыйлықақысы мен қатысушы банктің сыйақысын, сондай-ақ есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) есепке алғандағы жинақталған салым қаражатынан оқу ақысын төлеуді жүзеге асыруға;
- салымшыға білім беру гранты тағайындалған жағдайда:
– қатысушы банктің сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысын әрі қарай есептеумен салымда қаражат жинақтауды жалғастыруға;
– салымдағы қаражатты, есептелген нысаналы жинақ төлемдерді (бар болса) қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның пайдасына ашылған (ашылатын) салымға аударуға;
– нысаналы жинақ төлемдері есебінен қалыптастырылған салым қаражатын (бар болса) уәкілетті операторда ашылған салымшының банктік шотына аударуға;
– салымдағы қаражатты, білімнің басқа деңгейлерін алу мақсатында білім беру қызметтерінің ақысын төлеуге аударуға;
– салымның қаражатын, есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) қоспағанда, қатысушы банктің капиталға айналған сыйақысымен және есептелген мемлекет сыйлықақысымен бірге алуға;
- оқудың барлық кезеңдері үшін білім беру қызметтерінің ақысы төленгеннен кейін салымда қаражат қалған жағдайда, есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) қоспағанда, салымшы/заңды өкіл аталған соманы қатысушы банктің сыйақысымен және мемлекет сыйлықақысымен бірге алуға құқылы.
Қатысушы банк:
- Шарт жасасу кезінде салымшының Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін, сондай-ақ салымшының атына оператор арқылы ашылған қолданыстағы білім беру жинақтау салымы туралы шартының немесе салымшы мен пайда алушы бір тұлға болып табылатын білім беру жинақтау сақтандыруы шартының жоқтығын тексереді;
- салымшының банк шотына ақша қабылдайды;
- ай сайынғы капиталдандыруды есепке ала отырып, салымшыға ай сайын салым сомасына сыйақы есептейді;
- мемлекет сыйлықақысы, нысаналы жинақ төлемдері (бар болса) түскен жағдайда екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес оларды салымшының банк шотына есепке жазады;
- салымшы/заңды өкіл білім беру ұйымына не шетелдік білім беру ұйымына қабылдану туралы растау құжаттарын және ақша аудару туралы тиісті тапсырманы ұсынған жағдайда бір жұмыс күні ішінде салымшының тапсырмасына сәйкес мөлшерде салым қаражатын тиісті білім беру ұйымының/шетелдік білім беру ұйымының банктік шотына аударады;
- Шарттың 20-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде оператордан мемлекет сыйлықақысы сомасының мөлшері туралы анықтаманы алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оператор арқылы мемлекет сыйлықақысын бюджетке аударады;
- салымшының/заңды өкілдің бастамасымен Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда немесе нысаналы мақсатын сақтамай мерзімнің өтуіне байланысты Шарт бойынша міндеттемелер тоқтатылған салымның негізгі сомасын және есептелген сыйақыны, есептелген нысаналы жинақ төлемдерді (бар болса) қоспағанда, салымшыға/заңды өкілге қатысушы банктің сыйақы мөлшерлемесінен төмен емес мөлшерде төлейді;
- салымшының/заңды өкілдің бастамасымен Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда немесе нысаналы мақсатын сақтамай мерзімнің өтуіне байланысты Шарт бойынша міндеттемелер тоқтатылған есептелген нысаналы жинақ төлемдерін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті операторда ашылған салымшының банктік шотына аударады;
- салым қаражатын басқа қатысушы банкке немесе үшінші тұлғаның салымына аудару процесінде салымшыға/заңды өкілге қолма-қол ақшаны бермейді;
- салымдар бойынша барлық шығыс операцияларын оператордан растама алғаннан кейін жүзеге асырады;
- салым қаражатын басқа қатысушы банкке аудару кезінде төлем тапсырмасында есептелген нысаналы жинақ төлемдерінің сомасын көрсетеді.
Салымшы/заңды өкіл:
- ақшаны ұлттық валюта – теңгемен енгізеді;
- салым қаражатынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымындағы білім беру қызметтеріне ақы төлейтін жағдайда қатысушы банкке білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың түпнұсқасын не көшірмесін ұсынады;
- салым қаражатынан шетелдік білім беру ұйымындағы білім беру қызметтеріне ақы төлейтін жағдайда қатысушы банкке оқуға қабылдану туралы растау құжаттарын (білім беру қызметін көрсету туралы шарт, инвойс) нотариалды куәландырылған қазақ не орыс тіліндегі аудармасымен бірге ұсынады;
- жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін салымшыға білім беру гранты тағайындалуына байланысты салым қаражаты алынатын жағдайда "Жоғары және (немесе) жоғары оқуынан кейн білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4991 болып тіркелген) бекітілген нысандарға сәйкес жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім беру грантын беру туралы куәлікті немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім грантын беру туралы куәлікті ұсынады;
- салымшының қаза болуына, соттың оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп тануы не қайтыс болды деп жариялауы немесе оның денсаулық жағдайы салдарынан оқуын жалғастыра алмауына байланысты салым қаражатын алу жағдайында растау құжаттарын ұсынады;
- барлық оқу кезеңі үшін білім беру қызметтерінің ақысы төленуіне байланысты салымда қалған қаражатты алу жағдайында білім беру ұйымының/шетелдік білім беру ұйымының растау құжатын ұсынады;
- салымшының тұрғылықты орны, жеке басын куәландыратын құжатының деректемелері өзгерген жағдайда өзгеріс енгізілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бұл туралы қатысушы банкке еркін нысанда хабарлайды;
- мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуына байланысты әрбір күнтізбелік жылдың 1 қаңтары мен 28 ақпаны аралығында салымды бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке аудармайды;
- салым қаражатын бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке және үшінші тұлғаның атындағы салымға аудару кезінде салым қаражатын алмайды;
- Шарттың 20-тармағында көзделген жағдайлар болғанда салымшының қатысушы банктегі кез келген банктік шоттарынан бюджетке қайтаруға жататын мемлекет сыйлықақысының сомасын алуына келісімін береді;
- Шартты бұзған кезде салымшының қатысушы банктегі кез келген банктік шотынан уәкілетті операторда ашылған салымшының банктік шотына қайтарылуға жататын тиіс нысаналы жинақ төлемдерінің есептелген сомасын алуға келісім береді.
Салымшы Шарт бойынша міндеттемелерін бұзған жағдайда қатысушы банк Шарттың нақты бұзылу күніне дейін күнтізбелік он күн бұрын салымшыны бұл туралы жазбаша ескертіп, Шартты біржақты тәртіппен бұзады. Бұл жағдайда салым салымшыға/заңды өкілге оның бірінші талабы бойынша төленеді, мемлекет сыйлықақысы Заңның 14-бабының 2-тармағына сәйкес оператордың анықтама-үзіндісі бойынша бюджетке оператор арқылы қайтарылады, нысаналы жинақ төлемдері (бар болса) уәкілетті операторда ашылған салымшының банктік шотына қайтарылады.
Бірлескен бұйрық 2025 жылғы 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:50, 23 қаңтар 2025
Астана қаласының мемлекеттік шығармашылық тапсырысының ата-аналары, жеткізушілері мен жаттықтырушыларының назарына
-
19:21, 23 қаңтар 2025
Тоқаев Грекиядағы және Кипрдегі елшілерді тағайындады
-
19:10, 23 қаңтар 2025
Сауда министрлігі картоп бағасына қатысты маңызды мәлімдеме жасады
-
19:04, 23 қаңтар 2025
Павлодар облысындағы ауыл тұрғындары бір сәтте мектепсіз қалды
-
18:56, 23 қаңтар 2025
ІІМ: Қаңтар айының басынан бастап 250 келіден астам есірткі тәркіленді