Бас тігуден ұтылған ақшаны қайтарып алуға бола ма

16:28, 28 қараша 2024

© Фото: pexels

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті қаржылық міндеттемелерін орындамаған борышкерлерді маңызды ақпаратпен құлақтандырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті 2024 жылғы 15 қарашада таратқан баспасөз релизін кейбір БАҚ және әлеуметтік желі қолданушылары қате түсінген.

"Нәтижесінде борышкерлердің бірыңғай тізілімінде (ББТ) тұрған азаматтар букмекерлік кеңселерге аударылған қаражаттарын қайтарып ала алады деген жалған ақпарат таратқан. Комитет бұл мәліметті ресми түрде жоққа шығарады",- делінген ақпаратта.

Осыған байланысты "Ойын бизнесі туралы" Заңның талаптарын жік-жігімен түсіндіріп берді.

"Заңның 15-бабы, 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, ББТ-да тіркелген азаматтарға құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға толық тыйым салынған".Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті

Жауапкершілік және бақылау:

Егер құмар ойындарға немесе бәс тігуге заңсыз қатысу анықталса, ойын бизнесін ұйымдастырушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады..

"Алайда, бұл әкімшілік шаралар аударылған ақшаны мәжбүрлеп қайтаруды қарастырмайды". Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті

ББТ-дағы азаматтарға үндеу:

Комитет ББТ-да тұрған азаматтарды құмар ойындар мен бәс тігуге қатысудан аулақ болуға шақырады және олардың мұндай әрекеттерден өздерін қорғау қажеттігін ескертеді.

Қаражатты қайтару мәселелері:

Қаражатты қайтару мәселелері:Комитет букмекерлік кеңселердің шоттарына аударылған қаражаттарды қайтарумен айналыспайды және мұндай қызмет көрсетуге уәкілетті емес. Егер қаражатты қайтаруға қатысты даулар туындаса, азаматтарға:

  • Сотқа дейінгі реттеу субъектілеріне жүгіну.
  • Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес, сотқа шағымдану ұсынылады.

Лицензияланған букмекерлерді таңдау:

Азаматтарға тек лицензияланған букмекерлік кеңселердің ресми сайттарында тіркелуге кеңес беріледі. Лицензияланған кеңселердің тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

"Комитет барлық азаматтарды ақпаратқа мұқият болуға және заң бұзушылықтардың алдын алуға шақырады",- деп мәлімдеді Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті.

Бұған дейін Түркістан облысында полиция құны 128 млн теңге болатын ұрланған малды иелеріне қайтарғаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!