Баласының еміне жиналған 1,3 млрд теңгені жымқырған ерлі-зайыпты Тотақановтарға үкім шықты
© Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2026 жылғы 9 қаңтарда Астананың қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотында ерлі-зайыпты Дәулет пен Толқын Тотақанованың ісі бойынша сот үкімі жарияланды. Олар баласының еміне жиналған қаражатты ұрлады деп айыпталған. Үкім жайлы толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
Сот төрағасы Қанат Тобағалиұлы Толқын мен Дәулет Тотақановты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің екі бабымен кінәлі деп таныды:
- 190-бап, 4-бөлім, 2-тармақ ("Алаяқтық");
- 218-бап, 2-бөлім, 1-тармақ ("Қылмыстық жолмен алынған ақша мен (немесе) мүлікті заңдастыру (тазалау)").
"ҚР ҚК 58-бабының 3-бөліміне сәйкес, қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаларды қосу арқылы Толқын Тотақановаға 7 жыл бас бостандығынан айыру, қаражат жинаумен байланысты қайырымдылық қызметімен айналысу құқығынан 10 жылға айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалсын. ҚР ҚК 74-бабының 1-бөліміне сәйкес, жаза 2 жылға кейінге қалдырылсын", – деді сот төрағасы.
Дәулет Тотақановқа да 7 жыл бас бостандығынан айыру, қаражат жинаумен байланысты қайырымдылық қызметімен айналысу құқығынан 10 жылға айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды.
Бұған дейін жұбайлар үйқамақта болған. Даулет Тотақанов сот залында қамауға алынды.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 24 шілдеде Астанада ерлі-зайыпты баласының еміне жиналған 1,3 млрд теңгені ұрлады деп айыпталған болатын. Дегенмен, айыпталушылар күні бүгінге дейін өздерінің "таза" екенін айтып келеді. Мәселен, сотта соңғы сөзін айтқан Толқын Тотақанова күйеуінің де, өзінің де жазықсыз екенін айтып, соттан ақтап алуларын сұрады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:10, 9 қаңтар 2026
10 қаңтарда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
21:41, 9 қаңтар 2026
Қазақстандықтар әскерге жарамдылық туралы анықтаманы енді eGov-тан ала алады
-
21:11, 9 қаңтар 2026
Теміртауда жолаушылар арасындағы жанжал кісі өлімімен аяқталды: алқабилер соты үкім шығарды
-
20:50, 9 қаңтар 2026
Биатлоннан Германиядағы Әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтар спринтте қандай нәтиже көрсетті
-
20:03, 9 қаңтар 2026
Мемлекеттік кірістер комитеті оңайлатылған режимге өтуден бас тарту себептерін түсіндірді





