Балаларға бөлінетін төлемді таппай қалған кейбіреулер желіде дүрбелең туғызды. ҰАТ мәлімдеме жасады
© Сурет: Zakon.kz
Қазақстандықтар "eGov mobile" мобильді қосымшасынан "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша аударылған қаражат туралы деректердің жоғалып кеткеніне шағымдануда. "Ұлттық ақпараттык технологиялар" АҚ (ҰАТ) аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл ретте Threads желісін пайдаланушылар дабыл көтерді. Кәмелетке толмаған қазақстандықтардың ата-аналары балалардың жинақ шоттарындағы баланстың кенеттен нөлге айналғанын айтады.
"Халайық! Мемлекет 18 жасқа толмаған балаларға аударатын жинақ ақшасы бәріңізде жоғалып кетті ме? Шотта бір теңге де, бір доллар да жоқ! Тексеріңіздерші, бәріңізде солай ма?", деп жазды raina_queen.kz атымен тіркелген қолданушылардың бірі.
Жазба астында азаматтардың пікірі екіге жарылды. Кейбір қолданушылар бұл мәселені растап, баланста түк жоғын айтса, басқалары балалар шоттарындағы барлық төлем деректерінің өзгеріссіз тұрғанын айтқан.
Желіде туындаған бұл дүрбелеңге қатысты "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ өкілдері жауап беріп, қазақстандықтарды сабырға шақырды және ақпаратты қалай қалпына келтіруге болатынын айтты.
"eGov mobile қосымшасы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында балалардың шоттарына аударылған қаражат туралы мәліметтер дұрыс көрсетілуде. Қосымшада деректер болмаған жағдайда eGov mobile Цифрлық құжаттарындағы "Отбасы" бөлімін жаңарту ұсынылады", деп түсіндірді "ҰА" АҚ баспасөз қызметі.
Бұған дейін экономист медицина саласындағы кезекті былықтың бетін ашқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:48, 18 қазан 2026
Астанада қоғамдық орында жалаңаш күйінде «концерт» қойған ер адам түрмеге қамалды
-
15:24, 18 қазан 2026
Астанада ер адамның 11 жасар баланы соққыға жығуы: жәбірленушінің анасы әділдік іздейді
-
14:25, 18 қазан 2026
Алматыда күдік тудырған көлікті тексеру кезінде күмәнді сөмке табылды
-
13:20, 18 қазан 2026
Үндістандағы БРИКС фестивалінде «Қыз Жібек» спектаклі қойылды
-
13:00, 18 қазан 2026
Екі адам қаза тауып, тағы 10 адам жараланды: Жетісу облысында микроавтобус КАМАЗ-дың тіркемесіне соғылған





