Алматы тауларынан қауіпті зат табылды

09:25, 18 қазан 2026
MKZ: 1572974

© Сурет: Zakon.kz

Алматы қаласының Медеу ауданындағы саяжай алқабынан қару-жарақ табылды. Оқиға орнына аудандық полиция басқармасы мен полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында полицейлер ИЖ маркалы тегіс ұңғылы мылтықты, тапаншаға ұқсас затты және 16-калибрлі алты оқ-дәріні тәркіледі.

"Қазір тәркіленген заттар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Мамандар қарудың қайдан шыққанын, кімге тиесілі екенін және қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтайды". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

Полиция азаматтарды қару немесе оқ-дәрі тауып алған жағдайда оларға қол тигізбей, дереу "102" нөміріне хабарлауға шақырады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!