Зейнетақы жинағын жеке басқарушы компанияға сеніп тапсыру: бұл ретте ел азаматтары не білуі керек
© Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Қазақстанда азаматтарға зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейінгі бөлігін жеке басқарушы компаниялардың басқаруына беру мүмкіндігін қарастыру көзделіп отырғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы органның мәліметінше, әрбір салымшы басқарушы компанияны да, өзіне қолайлы инвестициялық стратегияны да дербес таңдай алады. Бұл ретте мемлекет кепілдігі мен инвестициялық тәуекелдердің аражігін нақты ажырату көзделеді.
"Зейнетақы жинақтарын толық көлемде жеке басқаруға берген жағдайда, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдік сақталады. Ал салымшының өзі таңдаған инвестициялық стратегияға байланысты тәуекелдер үшін жауапкершілік оның өзіне жүктеледі", делінген комитет хабарламасында.
Зейнетақы жинақтарын басқаруға беру талаптары мен мемлекеттік кепілдіктің қолданылу шегі қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес айқындалады. Сондықтан басқарушы компанияны таңдап, шешім қабылдамас бұрын азаматтарға оның инвестициялық стратегиясымен және ықтимал тәуекелдерімен мұқият танысу ұсынылады.
Айта кетсек, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026 жылғы 28 қыркүйектегі қаулысымен сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына, БЖЗҚ-ға аудару қағидаларына өзгерістер енгізген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:44, 18 қазан 2026
МЛС чемпионаты. Төрт минутта дубль жасаған Месси өз командасына жеңіс сыйлады
-
09:25, 18 қазан 2026
Алматы тауларынан қауіпті зат табылды
-
17:47, 17 қазан 2026
Белгілі дәрігер ӘМСҚ есебінен 53 млн теңге жымқырғаны үшін қандай жаза алды
-
17:27, 17 қазан 2026
Жексенбіде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:49, 17 қазан 2026
Бейбіт Жұқаев Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңіндегі өнерін аяқтады





