Астанада ер адамның 11 жасар баланы соққыға жығуы: жәбірленушінің анасы әділдік іздейді
© Сурет: pixabay
Астанада ересек ер адам 11 жасар баланы ұрып-соқты деген күдікке ілінді. Жәбірленушінің анасы тергеу шараларының созылып кеткенін, ер адамның қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып кету ықтималдылығы жоғары екенін айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған оқиға әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Threads-тегі жазба авторы ұлына ересек ер адам дүрсе қоя беріп, басынан бірнеше рет ұрғанын айтады.
Оқиға орнына жедел жәрдем көлігі де келіп, баланы ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер баланың самай тұсының көгергенін тіркеді. Одан бөлек баланың желкесінде ісік пайда болып, басы қатты айналып, жүрегі айныған.
Алайда, астаналық әйелдің айтуынша, тергеу тығырыққа тірелген. Әйел сараптамалардың кешеуілдеуіне және істің жабылуына кінәлі тараптың атақ-сойылы түрткі екендігіне сенімді.
"Ал кейін істі жаппақ болды, неге екенін табыңыздаршы? Дұрыс! Өйткені бұл ересек ер адамның жұбайы орган қызметкері болып шықты. Прокурормен, бастықпен және анықтаушымен кездесуден кейін ер адамды ҚР ҚК-ның 109-1-бабының, 2-бөлігі, 8-тармағы (кәмелетке толмаған адамға қатысты ұрып-соғу) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту мүмкін еместігі анықталды. Өйткені сот-медициналық сарапшының қорытындысында физикалық ауырсыну болғаны туралы тұжырым жоқ", - дейді астаналық әйел.
Ауруханадан берілген медициналық анықтамалардың барына қарамастан, сот-медициналық сараптама (СМС) нәтижелері бір айдан астам уақыт бойы тағайындалмай келген, содан кейін сарапшылар жарақат пен ауырсыну іздерінің жоқтығын мәлімдеп, қорытынды шығарған.
Бұл ретте Астана қаласы ПД баспасөз қызметі 2026 жылғы 18 қазанда Zakon.kz тілшісіне мынаны айтты:
"Аталған факті бойынша Нұра ауданының полиция басқармасында қылмыстық іс тіркелді. Іске қатысушы тұлға анықталып, анықтау органына жеткізілді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр".
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:48, 18 қазан 2026
Астанада қоғамдық орында жалаңаш күйінде «концерт» қойған ер адам түрмеге қамалды
-
15:37, 18 қазан 2026
Балаларға бөлінетін төлемді таппай қалған кейбіреулер желіде дүрбелең туғызды. ҰАТ мәлімдеме жасады
-
14:25, 18 қазан 2026
Алматыда күдік тудырған көлікті тексеру кезінде күмәнді сөмке табылды
-
13:20, 18 қазан 2026
Үндістандағы БРИКС фестивалінде «Қыз Жібек» спектаклі қойылды
-
13:00, 18 қазан 2026
Екі адам қаза тауып, тағы 10 адам жараланды: Жетісу облысында микроавтобус КАМАЗ-дың тіркемесіне соғылған





