МЛС чемпионаты. Төрт минутта дубль жасаған Месси өз командасына жеңіс сыйлады
© Сурет: Instagram/InterMiamiCF
2026 жылғы 18 қазанға қараған түні қазақстандық уақытпен таңертең америкалық "Интер Майами" футбол клубы МЛС тұрақты чемпионаты аясында сырт алаңда "Атлантаны" 3:1 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Есепті қонақтар бірінші таймның аяғында ашты, мексикалық жартылай қорғаушысы Херман Бертераме көзге түсе білді.
Тағы да ол екінші таймда, 56-минутта Лионель Мессиге нәтижелі пас берді. Ал 39 жастағы аргентиналыққа бірден дубль жасауға небәрі төрт минут жеткілікті болды.
Алаң иелері матчтың соңына таман пенальтиді сәтті орындап, Фаф Пиконың арқасында бір доптың айырмасын қысқартты.
Нәтижесінде "Интер Майами" 55 ұпай жинап, МЛС турнир кестесінің үшінші орынына жайғасты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:36, 18 қазан 2026
Ақтөбеде үш қабатты тұрғын үйден өрт шығып, бес адам құтқарылды
-
09:36, 18 қазан 2026
Зейнетақы жинағын жеке басқарушы компанияға сеніп тапсыру: бұл ретте ел азаматтары не білуі керек
-
09:25, 18 қазан 2026
Алматы тауларынан қауіпті зат табылды
-
17:47, 17 қазан 2026
Белгілі дәрігер ӘМСҚ есебінен 53 млн теңге жымқырғаны үшін қандай жаза алды
-
17:27, 17 қазан 2026
Жексенбіде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды





