Астанада қоғамдық орында жалаңаш күйінде «концерт» қойған ер адам түрмеге қамалды
© Фото: zakon.kz
Астанада сот жалаңаш күйінде қоғамдық орында "концерт" қойған ер адамды жазалады. Адамгершілік пен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны үшін құқық бұзушы қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қоғамдық резонанс тудырған іс 2026 жылғы 17 қазанда Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
Іс материалдарына сәйкес, Қ. қоғамдық орында бөгде адамдардың көзінше жалаңаш күйде жүрген. Осылайша, ол қоғамдық нормалары мен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, айналасындағыларға анық құрметтемеушілік танытқан, азаматтардың ар-намысы мен тыныштығына нұқсан келтіретін жағдай туғызған.
"Сот отырысында Қ. өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірді. Құқық бұзушылық фактісі іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, Қ.-ның түсініктемелерімен және оқиға орнынан түсірілген бейнежазбамен расталды", делінген сот хабарламасында.
Сот Қ-ны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады.
Сот жазаны тағайындау кезінде қоғамға теріс ықпал ететін, қоғамды құрметтемеушілікті білдіретін және әдепсіз мінез-құлықпен көрініс тапқан әрекеттің сипатын, сондай-ақ әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, құқық бұзушылық жасаған адамды заң талаптарын сақтауға және құқықтық тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу, жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсаттарын назарға алды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Астанада тұрғын үй кешенінде лаң салған жартылай жалаңаш ер адам видеоға түсіп қалғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:04, 18 қазан 2026
U23 әлем чемпионаты: АҚШ-та өнер көрсетіп жатқан отандық балуан «алтынға» таласатын болады
-
16:56, 18 қазан 2026
Мас күйінде Alphard тізгіндеген жүргізуші аяғында жаяу қалды
-
16:48, 18 қазан 2026
Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде
-
16:48, 18 қазан 2026
Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малға қырғидай тиюде
-
15:37, 18 қазан 2026
Балаларға бөлінетін төлемді таппай қалған кейбіреулер желіде дүрбелең туғызды. ҰАТ мәлімдеме жасады





