Ақтөбеде үш қабатты тұрғын үйден өрт шығып, бес адам құтқарылды
© Сурет: Zakon.kz
Түнде Ақтөбе қаласындағы Станционная көшесінде үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатындағы қойма бөлмесінен өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар ғимараттың жоғарғы қабаттарынан бес адамды құтқарды.
"Өрт аумағы 10 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
ТЖМ тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды ескертеді:
- баспалдақ алаңдарын, дәліздер мен эвакуациялық шығу жолдарын бөгемеңіз;
- қойма бөлмелерінде тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш материалдарды сақтамаңыз;
- электр сымдары мен электр құрылғыларының жарамдылығын қадағалаңыз;
- автономды өрт хабарлағыштарын орнатыңыз;
- түтін немесе өрт байқалған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.
Бұған дейін 2026 жылғы 16 қазанға қараған түні Қызылорда қаласындағы Жаппасбай батыр көшесінде орналасқан бесқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шығып, адамдарды эвакуациялауға тура келгені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:40, 18 қазан 2026
Арбадағы шприц, қыздың көйлегін киген ер адам: ШҚО-да біртүрлі оқиға орын алды
-
11:40, 18 қазан 2026
Арбадағы шприц, басына іш киім киген ер адам: ШҚО-да біртүрлі оқиға орын алды
-
11:25, 18 қазан 2026
«Өлі адамнан ақша жасау». Экономист медицина саласындағы кезекті былықтың бетін ашты
-
10:56, 18 қазан 2026
Астанада жоғалып кеткен балаларды іздеуге полицейлер, төтеншеліктер және әскери қызметкерлер жұмылдырылды
-
09:44, 18 қазан 2026
МЛС чемпионаты. Төрт минутта дубль жасаған Месси өз командасына жеңіс сыйлады





