Балаларды орындыққа байлап, ұрып-соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты
© Фото: Zakon.kz
Астанадағы жекеменшік түзету балабақшаларының бірінде балаларға қатыгездік көрсетілгені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түсірілгенінен шамамен бір жыл өткен соң әлеуметтік желіде тараған видеода бүлдіршіндердің орындыққа байланғаны және тәрбиешінің көмекшісі киіміндегі әйелдің оларды ұрып жатқаны көрінеді.
Аналардың бірі Әсем Қасқабаева видеодан ұлы Сұлтанды таныған. Ол КТК телеарнасына балабақшаға барғаннан кейін ұлының үркек болып кеткенін, онымен қатты дауыстап сөйлескенде құлағын жабатын әдет шығарғанын айтты.
"Баламның неге үркек болып кеткенін енді түсініп отырмын. Керісінше, ол ортаға бейімделуі керек еді ғой. Онымен қатты дауыстап сөйлессең, бұға қалып, құлағын жабады", – деді анасы.
Тағы бір ана Фатима Мансурова да видеодан аутизм спектрінің бұзылысы бар, әлі сөйлемейтін ұлын көрген. Видео жарияланғаннан кейін ата-аналар балаларын балабақшадан алып кеткен. Ал құжаттарын алуға келгенде мекеме жабық болып, әкімшілік өкілдері телефон қоңырауларына жауап бермеген.
Полиция тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істеген әйелдің жеке басы анықталып, полиция басқармасына жеткізілгенін хабарлады.
Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бұған дейін елордалық полицейлердің жекеменшік балабақша тәрбиешісіне қатысты істі тергеп жатқаны хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:34, 15 қазан 2026
Қазақстанда қызметкерді демалыс күні өзінің келісімінсіз жұмысқа тартудың үш жағдайы бар
-
10:23, 15 қазан 2026
Зеленский отставкаға кетпейтінін мәлімдеді
-
10:07, 15 қазан 2026
Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды
-
09:55, 15 қазан 2026
Табиғи апаттар қыз балалардың ерте тұрмысқа шығу қаупін арттыруы мүмкін
-
09:46, 15 қазан 2026
Ақшаны қолма-қол шығарып, үй сатып алған: Қазақстанда 251 млн теңге субсидияны жымқыру дерегі тергеліп жатыр





