Қазақстанда отбасылардың мұқтаждығы қалай анықталады: Еңбек министрлігі жаңа тәсілді түсіндірді
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев 2026 жылғы 14 қазанда Құрылтайдың жалпы отырысында отбасының әл-ауқат деңгейін анықтау және мемлекеттік қолдау шараларын тағайындау кезінде қандай деректер ескерілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Депутат Наталья Рамазанова министрден атаулы әлеуметтік қолдауға көшу кезінде А және Б санатындағы отбасылар қалай анықталатынын сұрады. Сондай-ақ олардың материалдық жағдайы нашарлаған жағдайда Отбасының цифрлық картасындағы мәртебесі қаншалықты жылдам өзгеретінін нақтылады.
"Шынында да, әлеуметтік салада мемлекеттік қолдауды тек мұқтаж азаматтарға көрсетуді көздейтін мұқтаждық қағидаты енгізілді. Тетіктің өзіне келсек, санаттар бүкіл отбасы мен үй шаруашылығы туралы деректер жиынтығы негізінде анықталады. Мұнда тек жалақы немесе мүлік секілді бір ғана көрсеткіш ескерілмейді. Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік дерекқорлардан мәлімет жинап, үй шаруашылықтарын сегіз негізгі бағыт бойынша бағалайтынын түсіну маңызды. Бұл бағыттар 50-ден астам көрсеткішті қамтиды. Олардың қатарында жұмыспен қамтылу, табыс, жылжымалы және жылжымайтын мүлік, кредиттік жүктеме, білім және басқа да мәліметтер бар. Үй шаруашылығының материалдық және әлеуметтік жағдайын көрсететін осы жалпы мәліметтер негізінде жүйе оның санатын анықтайды", – деп жауап берді Асқарбек Ертаев.
Министр А санатына табысы жоғары, ал Б санатына әл-ауқаты жеткілікті деңгейдегі азаматтар жататынын атап өтті.
"Заңға сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап екінші деңгейлі банктер көмек алушының және оның отбасы мүшелерінің келісімімен банк шоттары мен депозиттері туралы деректерді ұсынады. Осы жұмыс аясында кірістер де, шығыстар да ескеріледі.
Жүйенің әрбір үй шаруашылығының жағдайын қаншалықты жедел анықтайтынына келсек, ол 30 дерекқормен біріктірілген. Мәліметтер күн сайын жаңартылып, санаттар ай сайын анықталады. Егер отбасы қазанда Б санатында болып, белгілі бір тәуекелдер салдарынан желтоқсанда С санатына ауысса, оған мемлекеттік қолдау шаралары бірден проактивті түрде тағайындалады.
Бұл мәліметтерді тұрақты түрде жаңартып, үй шаруашылықтарының материалдық және әлеуметтік жағдайын ескеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ өзгерістерге дер кезінде әрекет етіп, олардың әл-ауқат деңгейін қайта қарауға жағдай жасайды", – деп түсіндірді Асқарбек Ертаев.
Бұған дейін Қазақстанның қаржы министрі Мәди Такиев бюджет шығыстарының орындалуы туралы айтып, зейнетақыға, жәрдемақыларға және өңірлерді қолдауға бөлінген қаражат көлемін атаған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:57, 14 қазан 2026
Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қаражат қайдан бөлінеді – Жұманғарин жауап берді
-
14:52, 14 қазан 2026
Алматыда қоғамдық мүлікті бүлдіргендерге 86 мың теңге көлемінде айыппұл салынады
-
14:47, 14 қазан 2026
Алматылық тұрғын метроға кіріп, қылмыстық іске ілікті
-
14:36, 14 қазан 2026
Қазақстан экономикасының өсімі әлемдік көрсеткіштен 1,5 есеге жуық жоғары болады
-
14:29, 14 қазан 2026
Қазақстанда ойын бизнесінен спортты дамытуға бөлінетін аударымдардың үлесі бекітілді





