Алматыдағы Forum сауда орталығы маңында жаңа жол таңбалары пайда болды: не өзгерді

14:13, 14 қазан 2026
MKZ: 1572327

© Сурет: Zakon.kz.

2026 жылғы қазанда Алматыдағы Forum сауда орталығына қарама-қарсы бөлігінде қос тұтас сызықтың үзілген тұсына жаңа жол таңбалары салынды. Бұған әлеуметтік желілерде автокөлік жүргізушілері назар аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы тұрғыны Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында осы жерден түсірілген фото мен видеоны жариялады.

Смотреть в Threads

Kolesa.kz басылымы жағдайға түсініктеме беріп, бұл жердегі жаңа жол таңбалары жаяу жүргіншілер өткелі бар бағдаршам нысанын орнату жобасының алғашқы кезеңі екенін түсіндірді.

Бұл учаскедегі көлік қозғалысын мынадай тәртіппен ұйымдастыру жоспарланып отыр:

Алматыдағы Forum сауда орталығы маңында жаңа жол таңбалары пайда болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2026 14:13

Сурет: kolesa.kz

Сонымен қатар Сейфуллин даңғылы мен Попов көшесінің қиылысына бағдаршам орнатпай-ақ, қос тұтас сызықтың арасын үзу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

"Солтүстік бағытта келе жатқан көліктерге сызық үзілген тұста солға бұрылуға тыйым салынуы мүмкін. Тек кері бұрылуға рұқсат беріліп, тиісті жол белгілері орнатылады", – деп түсіндірді мамандар.

Сондай-ақ Сейфуллин даңғылының Абай мен Сәтбаев көшелерінің арасындағы бөлігінде жолдың ортасындағы жолақтың неліктен сары тұтас сызықпен бөлінгені белгілі болды.

"Жақын арада бұл учаскеде үлкен қауіпсіздік аралы пайда болады. Назар аударыңыздар!" – делінген түсіндірмеде.

Бұған дейін, 12 қазанда Алматы әкімдігі Саин көшесінде SkyTrain деген жазуы бар қоршаулардың пайда болу себебін түсіндірген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!