Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды
© Фото: pexels
Алматыдағы 38 қалалық емханада мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді жинауға арналған арнайы контейнерлер орнатылған. Былтыр жаздан бері бір жыл ішінде тұрғындар осы контейнерлерге 1 200 келіге жуық дәрі-дәрмек қалдығын тапсырды.
Жиналған қалдықтар қауіпсіз жолмен жоюға жіберілді. Бұл туралы "Eco Almaty" ЖШС мамандары айтты.
Жобаны ECO Network экологиялық қауымдастығы STADA фармацевтикалық компаниясымен бірлесіп жүзеге асырып келеді. Орнатылған контейнерлердің арқасында тұрғындар жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді тұрмыстық қоқыстан бөлек жинауға тапсырады.
Дәрі-дәрмек жинау пункттерінің жұмысын бағалауға Satbayev University студенттері қатысты. Еріктілер 34 емхананы аралап, тұрғындардың жоба туралы хабардар болуын және медицина қызметкерлерінің бастамаға қатысу белсенділігін бағалады. Тексерілген емханалардың 70%-дан астамы жоғары нәтиже көрсетті.
Еске салайық, шілде айында дәрі-дәрмек жинау бойынша №1 қалалық емхана көш бастап, 79,5 келі қалдық жинады. Үздік бестікке №23 емхана – 71,45 келі, №4 емхана – 70,2 келі, №17 емхана – 66,6 келі және №12 емхана – 65,6 келі көрсеткішпен енді.
Мерзімі өткен дәрілерді бөлек жинау қоршаған ортаның ластану қаупін азайтуға көмектеседі. Тұрмыстық қоқысқа тасталған немесе кәріз жүйесіне төгілген дәрілік заттар топырақ пен суға түсуі мүмкін. Ұйымдастырушылардың айтуынша, арнайы контейнерлер мұндай қалдықтарды бөлек жинап, қауіпсіз жолмен жоюға жіберуге мүмкіндік береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:22, 15 қазан 2026
15 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай
-
11:16, 15 қазан 2026
Маңғыстауда жасөспірімдер дәріні масаңсу үшін қолдана бастаған: мамандар ескерту жасады
-
11:04, 15 қазан 2026
Трамптың жаңа елшісінің сырт келбеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті
-
10:52, 15 қазан 2026
Алматыда такси арыққа түсіп кетіп, жолаушы зардап шекті
-
10:41, 15 қазан 2026
Қазақстандық жас балуандар АҚШ-тағы әлем чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды





