Ақшаны қолма-қол шығарып, үй сатып алған: Қазақстанда 251 млн теңге субсидияны жымқыру дерегі тергеліп жатыр
© Фото: Zakon.kz
Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады. Бұл туралы 2026 жылғы 15 қазанда ҚМА баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу мәліметінше, күдікті өзінің бақылауындағы "Агрокомплекс АРСЕН" және "ОнегеАгрооСервис" ЖШС арқылы уәкілетті органға инвестициялық субсидия алуға құжаттар тапсырған. Құжаттарда Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылдық округінде су үнемдеу технологияларына негізделген суару жүйелерін салуға жұмсалды делінген шығындарды өтеу сұралған.
"Растайтын құжат ретінде жалған төлем тапсырмалары мен орындалған жұмыстар актілері ұсынылған. Осы құжаттар негізінде күдіктінің бақылауындағы серіктестіктердің шоттарына жалпы сомасы 251 млн теңге инвестициялық субсидия аударылған. Кейін бұл қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған. Оның бір бөлігіне тұрғын үй сатып алынған", – делінген ҚМА баспасөз қызметінің хабарламасында.
Агенттіктің мәліметінше, сот санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынған. Тергеу жалғасып жатыр.
ҚМА өкілдері ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін түсіндірді.
2026 жылғы 14 қазанда Қазақстанда онлайн-казиноларға қызмет көрсеткен трансшекаралық дропперлер желісі әшкереленгені белгілі болды. ҚМА мәліметінше, тінту барысында қылмыстық топтардан 180 банк картасы, дропперлік қызметке пайдаланылған 15 телефон, 26 SIM-карта, 50 мың АҚШ доллары, 27 мың USDT, төрт автокөлік, қару мен оқ-дәрі тәркіленген. Банк карталарына түскен қаражаттың жалпы көлемі 9,8 млрд теңгеден асқан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:41, 15 қазан 2026
Қазақстандық жас балуандар АҚШ-тағы әлем чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды
-
10:34, 15 қазан 2026
Қазақстанда қызметкерді демалыс күні өзінің келісімінсіз жұмысқа тартудың үш жағдайы бар
-
10:23, 15 қазан 2026
Зеленский отставкаға кетпейтінін мәлімдеді
-
10:15, 15 қазан 2026
Алматылықтар жиі қатынайтын Шымбұлаққа апаратын жол 19 қазаннан бастап толық жабылады
-
10:07, 15 қазан 2026
Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды





