Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды
© Сурет: Zakon.kz
Алматыда өзімен бірге тапанша алып жүрген әйел ұсталды. Одан 9 мм калибрлі тапанша мен бес оқ табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, кешкі сағат 17-00 шамасында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Жетісу ауданында, Райымбек даңғылының бойында әйелді ұстаған. Тексеру кезінде одан тапанша мен бес оқ табылып, тәркіленді.
Ұсталған әйелдің айтуынша, ол қаруды осыдан бір-екі сағат бұрын Есентай өзеніне түсетін жердегі бетон қоршаудың үстінен тауып алған.
"Алайда бұл мәлімет әлі тексерілуі керек. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Әйелдің әрекетіне заң аясында баға беріледі", деп нақтылайды полициядан.
Бұған дейін Қазақстанда жоғалған қарулар жасырылған орындар әлі де анықталып жатқаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:53, 14 қазан 2026
«Тұман түсіп, көктайғақ болады». Бейсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:19, 14 қазан 2026
Қазақстан шекарасында NAVAI атымен танымал рэпер ұсталды
-
19:55, 14 қазан 2026
ШҚО-да қой ұрлағандар қылмыс үстінде қолға түсті
-
19:15, 14 қазан 2026
Тоқаев жұмыс сапарымен Бакуге келіп жетті
-
19:06, 14 қазан 2026
«Жаңбыр, қар, көктайғақ». Еліміз бойынша 15 қазанға арналған ауа райы болжамы





