Мемлекет басшысы World Aquatics президентін қабылдады
© Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 14 қазанында Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев World Aquatics президенті Хусейн Әл-Мусалламмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы халықаралық ұйымның Қазақстан су спорты түрлері федерациясына көрсеткен қолдауын жоғары бағалап, өзара серіктестікті нығайтуға ниетті екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың су спорты түрлеріне қызығушылығы артып келе жатқанын жеткізіп, отандық атлеттер ел намысын халықаралық деңгейде, соның ішінде Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында лайықты қорғап жүргеніне тоқталды.
Осы орайда, Президент Дмитрий Баландиннің Рио-де-Жанейро Олимпиадасындағы тарихи жеңісін, Әділбек Мусиннің 2022 жылы өткен Азия ойындарында қола медальға ие болғанын еске салды.
Мемлекет басшысының айтуынша, елімізде бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға, жоғары деңгейдегі халықаралық жарыстар өткізуге қажетті жағдай жасалуда. Әсіресе, спорт инфрақұрылымын жетілдіруге назар аударылып отыр.
Хусейн Әл-Мусаллам қол жеткізілген табыстар мен қазақстандық спортшылардың биыл ХХ жазғы Азия ойындарында көрсеткен шеберліктері елдің спорт саласын өркендетуге айтарлықтай әлеуеті бар екенін айғақтайтынын атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:13, 14 қазан 2026
Алматыдағы Forum сауда орталығы маңында жаңа жол таңбалары пайда болды: не өзгерді
-
14:05, 14 қазан 2026
Қарағанды мен Жезқазған арасында соңғы 50 жылда алғаш рет жаңа тасжол салынып жатыр
-
13:54, 14 қазан 2026
Қазақстанда күн −11°C-қа дейін суытып, қалың қар мен нөсер жаңбыр жауады: үш күнге арналған болжам
-
13:46, 14 қазан 2026
Қазақстанда отбасылардың мұқтаждығы қалай анықталады: Еңбек министрлігі жаңа тәсілді түсіндірді
-
13:38, 14 қазан 2026
Алматыда РФММ-нің 48 оқушысы ауруханаға түсті: қылмыстық іс қозғалды





