Азия ойындарында Өзбекстан Қазақстанмен теңесіп келеді

11:50, 25 қыркүйек 2026
MKZ: 1568837

© Сурет: ҚР ҰОК

Айти мен Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарында жарыстың бесінші күні аяқталды. 24 қыркүйекте Қазақстан құрамасы жеті медаль жеңіп алды: бір алтын, үш күміс және үш қола, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz жазуынша, бұл күні Қазақстан қоржынына Владислав Яковлев пен Иван Чернухин ("алтын" – академиялық есу), Абдурашид Абдуллаев ("күміс" – ушу-саньда, 75 келіге дейін), Милад Карими ("күміс" – спорттық гимнастика, еркін жаттығу), Кирилл Проходов ("күміс" – семсерлесу, рапира), Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая ("күміс" – қосарлы байдарка), Сергей Емельянов пен Тимофей Емельянов ("қола" – қосарлы каноэ) медаль әкелді.

Медальдар есебінде көш бастап тұрған үш ел:

  • 1. Қытай: 80 алтын, 30 күміс, 20 қола = 130 медаль.
  • 2. Жапония: 20 алтын, 34 күміс, 37 қола = 91 медаль.
  • 3. Оңтүстік Корея: 10 алтын, 12 күміс, 28 қола = 50 медаль.
  • ... 4. Қазақстан: 8 алтын, 8 күміс, 9 қола = 25 медаль.
  • ... 5. Өзбекстан: 6 алтын, 12 күміс, 8 қола = 26 медаль.
  • ... 13. Тәжікстан: 2 алтын, 1 күміс, 1 қола = 4 медаль.
  • ... 25. Қырғызстан: 0 алтын, 1 күміс, 3 қола = 4 медаль.
  • ... 28. Түрікменстан: 0 алтын, 1 күміс, 0 қола = 1 медаль.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының Азия ойындарының төртінші күнінің қорытындысы бойынша жеті медаль жеңіп алғаны туралы жазған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!