Автожол саласын реформалау: Тоқаевтың тапсырмасымен үкіметтік жұмыс тобы құрылды
© Фото: akorda.kz
Қазақстанда автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды. Тиісті тапсырманы президент Қасым-Жомарт Тоқаев берген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 14 қазанда Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектеновтің өкімімен Мемлекет басшысының Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында қойған міндеттері аясында автожол саласын реформалау жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобына жол салу мен оның сапасын бағалаудың қолданыстағы жүйесін қайта қарау, стандарттар мен құрылыс нормаларын жаңарту міндеттері жүктелді. Цифрлық шешімдерді де қамтитын саланы басқарудың жаңа тетігі автожол инфрақұрылымын жақсартуға, мемлекет қаражатын пайдаланудың тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталады".
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев басқаратын жұмыс тобының құрамына Көлік, Өнеркәсіп және құрылыс, Қаржы, Ішкі істер, Экология және табиғи ресурстар, Энергетика министрліктерінің басшылығы, Бас көлік прокурорының орынбасары, сондай-ақ мына ұйымдардың өкілдері кірді:
- "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ;
- "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ;
- "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК;
- "ҚазжолҒЗИ" АҚ;
- "Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау" РМК;
- "ҚазҚСҒЗИ" АҚ.
Бұдан бөлек, жұмыс тобына сала сарапшылары мен Құрылтай депутаттары енді.
"Премьер-министр биылғы 1 желтоқсанға дейін автожол саласын түбегейлі реформалау жөніндегі ұсыныстарды, соның ішінде заңнамалық шараларды әзірлеуді тапсырды", – деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
2026 жылғы 24 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде елдегі жолдардың сапасын сынға алды. Президент жол саласындағы жағдайдың көңіл көншітпейтінін айтып, жол құрылысының сапасын бағалау жүйесін қайта қарау қажет екенін атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:46, 14 қазан 2026
Ыстық +37°C-қа жетіп, рекорд жаңарды: Қазақстанда қыркүйек әдеттегіден жылы болды
-
10:36, 14 қазан 2026
Қазақстандық екі балуан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын алды
-
10:31, 14 қазан 2026
Алматыда РФММ-нің 50-ге жуық оқушысы ауруханаға түсті
-
10:26, 14 қазан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия королі мен патшайымын елорда әуежайынан өзі шығарып салды
-
10:21, 14 қазан 2026
Қазақстандық есепші мен мұғалім бес жыл бойы өздеріне бөтен адамдардың жалақысын аударып отырған





