Ядролық сынақтар жүргізілген жер учаскелерін зерттеу тәртібіне өзгерістер енгізілді
© Фото: pexels
ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 8 қазандағы қаулысымен босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жерлеріне ауыстыру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мына ұғым жаңа редакцияда қолданысқа енгізіледі:
Жер комиссиясы – жер учаскелеріне құқықтар беру, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту (елді мекендердің жерлерін қоспағанда) және су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы өтініштерді (өтінімдерді) қарау және қорытындылар дайындау үшін облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) және ауданның жергілікті атқарушы органы жанынан құрылатын алқалы орган.
Ядролық қару сынақтары жүргізілген жер учаскелеріне кешенді экологиялық зерттеу ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарды кешенді экологиялық зерттеу әдістемесіне сәйкес жүргізілетіні нақтыланды.
Уәкілетті ұйым әдістеменің 120-тармағына сәйкес ядролық қауіпсіздік аймағының жерлеріне ауыстырылуға тиіс жер учаскелерінің шекаралары мен алаңдарын негіздейтін кешенді экологиялық зерттеу материалдарын дайындап, келісу үшін уәкілетті органға жолдайды.
Уәкілетті орган аталған материалдар келіп түскен күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде оларды келіседі немесе ұсынылған материалдар толық болмаған не әдістемеге сәйкес келмеген жағдайда келісуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
Уәкілетті орган материалдарды келісуден бас тартқан жағдайда, уәкілетті ұйым оларды толықтырып, түзеткеннен кейін қайта жолдайды.
Қаулы 2026 жылғы 23 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі. Ал жер комиссиясына қатысты жаңа редакция 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:15, 13 қазан 2026
«Әдемі жерлерге жақындатпай қоюға бола ма?!»: Алматы тұрғындарын Республика алаңындағы көрініс ашуландырды
-
15:01, 13 қазан 2026
Қазақстанға қанша медицина маманы қажет
-
14:55, 13 қазан 2026
–5°С-тан +26°С-қа дейін: қазанның ортасында Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
14:43, 13 қазан 2026
Жол апатын полиция шақырмай қалай рәсімдеуге болады
-
14:37, 13 қазан 2026
Тексерулер мен ірі айыппұлдар: Алматы кәсіпкерлеріне шұғыл ескерту жасалды





