Ыстық +37°C-қа жетіп, рекорд жаңарды: Қазақстанда қыркүйек әдеттегіден жылы болды
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанда 2026 жылғы қыркүйек айы әдеттегіден едәуір жылы болды. Кей күндері аптап ыстық болып, жауын-шашын аз түсті. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, күздің алғашқы айында ауа температурасы климаттық нормадан 2–4°C-қа жоғары болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Метеорологтардың түсіндіруінше, ауа райының жылы болуына Иран мен Орта Азиядан жылы ауа массаларының жиі келуі ықпал еткен. Ал антициклондардың жиі өтуіне байланысты жауын-шашын аз жауған.
Дегенмен кей өңірлерде жағдай өзгеше болды. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында, елдің солтүстік-батысы мен оңтүстік-батысындағы жекелеген аудандарда жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан асты.
Қыркүйектің жекелеген күндерінде ел аумағының басым бөлігінде жаздағыдай ыстық болып, күндізгі ауа температурасы +27…+37°C-қа дейін көтерілді.
"Бірқатар метеорологиялық станцияда температуралық рекордтар тіркелді", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
10 қыркүйекте Ұлытау облысындағы Жезқазған метеостанциясында ауа температурасы +37°C-қа жетті. Бұған дейін дәл осы күнгі ең жоғары температура 2000 жылы тіркеліп, +33,8°C болған.
11 қыркүйекте Ақмола облысындағы Көкшетау метеостанциясында ауа температурасы +32,5°C-қа дейін көтерілді. Осылайша, 2007 жылы тіркелген +30,3°C көрсеткіші жаңарды.
24 қыркүйекте Маңғыстау облысындағы Ақтау метеостанциясында ауа температурасы +34,2°C-қа жетіп, 2022 жылғы рекордтан (+30,1°C) асты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:44, 14 қазан 2026
Студенттер жатақханасында өрт шықты
-
11:33, 14 қазан 2026
14 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай
-
11:28, 14 қазан 2026
Олжас Бектенов: Ауқатты адамдар мемлекеттен көмек алмауға тиіс
-
11:20, 14 қазан 2026
Атырауда «Atyrau Open 2026» халықаралық шахмат турнирі жалғасуда
-
11:14, 14 қазан 2026
Қостанай облысында КАМАЗ бен мотоцикл соқтығысып, бір адам қаза тапты





