Қазақстанның тағы төрт тасжолында орташа жылдамдық тіркеле бастайды
© Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 13 қазаннан бастап Қазақстанда көліктердің орташа жылдамдығын бақылау жүйесі кеңейтіледі. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ республикалық маңызы бар автожолдардың тағы төрт ақылы учаскесінде жылдамдықты асыру деректерін тіркеуді бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осылайша, жүйемен қамтылған жол учаскелерінің саны 11-ден 15-ке дейін артады.
Орташа жылдамдықты бақылау мына бағыттарда енгізіледі:
- "Орал – РФ шекарасы (Самара)";
- "Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынбор)";
- "Қостанай – Денисовка";
- "Қандыағаш – Мақат".
Жаңа учаскелерде бақылау аркалары арасындағы қашықтықты өлшеу және аппараттық-бағдарламалық кешендерді сертификаттау жұмыстары аяқталған.
"Жүйе орташа жылдамдықтың белгіленген шектен асуын тіркеуге және тиісті деректерді Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімінің процестік орталығына беруге арналған", – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
Мамандардың мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері республикалық автожолдарда орташа жылдамдықты асырудың 550 мың дерегі тіркелген. Ал жылдамдықты бір сәтте өлшеу арқылы тағы 163,5 мың құқық бұзушылық анықталған. Жалпы, жылдамдықты асыруға байланысты 713 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелген.
Орташа жылдамдықты бақылау жүйесі Қазақстанның республикалық автожолдарында 2025 жылғы 17 наурыздан бері жұмыс істейді.
Бүгінге дейін жүйе жалпы ұзындығы 3 мың шақырымға жуық 11 ақылы учаскені қамтыды: Астана – Щучинск; Астана – Павлодар; Астана – Теміртау; Шымкент – Қызылорда; Шымкент – Тараз; Павлодар – Семей – Қалбатау; Орал – РФ шекарасы (Саратов); Павлодар – РФ шекарасы (Омбы); Алматы – Қорғас; Көкшетау – Петропавл және Ақтөбе – Қандыағаш.
"Жүйе автокөліктің жолдың белгілі бір учаскесіндегі орташа жылдамдығын есептейді. Камералар көліктің бақылау аркаларынан өткен уақытын тіркейді. Содан кейін жүйе жүріп өткен қашықтықты ескере отырып, орташа жылдамдықты анықтайды. Сондықтан жүргізуші бақыланатын учаскеде рұқсат етілген орташа жылдамдықты асырса, камераның алдында жылдамдықты төмендеткенімен, құқық бұзушылық бәрібір тіркеледі", – деп түсіндірді "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ.
Бірнеше күн бұрын қазақстандықтарға автомагистральдің жол жиегінде демалуға неліктен болмайтыны түсіндірілген еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:15, 13 қазан 2026
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді
-
17:10, 13 қазан 2026
Дзюдошы Шерзод Давлатов әлемдік рейтингте үздік ондыққа кірді
-
16:58, 13 қазан 2026
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге қанша қаражат бөлінді
-
16:56, 13 қазан 2026
Сақтансаң, сақ боларсың: Астанада студенттерге цифрлық сауаттылық бойынша сабақ өтті
-
16:52, 13 қазан 2026
Бельгия Королі мен Патшайымына Қазақстан президентінің резиденциясындағы асыл тұқымды жылқылар көрсетілді





