World Tennis президенті Дэвид Хаггерти II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

16:38, 13 қазан 2026
MKZ: 1572105

© Сурет: Telegram/QR Turizm jäne sport ministrlıgı

Алматыда өтіп жатқан World Tennis Бас ассамблеясы аясында ұйым президенті Дэвид Хаггерти II дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды. Мемлекеттік награданы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марапат Дэвид Хаггертиге халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамытуға, елдер арасындағы достық байланыстарды нығайтуға және әлемдік теннистің өркендеуіне қосқан көпжылдық үлесі үшін берілді.

Ербол Мырзабосынов Мемлекет басшысының атынан World Tennis президенті Дэвид Хаггертиге , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2026 16:38

Сурет: Telegram/QR Turizm jäne sport ministrlıgı

Салтанатты рәсімде Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысының Бас ассамблея қатысушыларына жолдаған құттықтауын оқып берді.

"Осы беделді халықаралық форумның Алматыда өтуі әлемдік қауымдастықтың елімізге деген зор сенімі мен құрметін көрсетеді. Біз үшін мұндай мойындау – үлкен мәртебе. Бүгінгі жыл сайынғы Бас ассамблея серіктестігімізді одан әрі нығайтуға және осы спорт түрін бүкіл әлемде дамытуға ықпал ететініне сенімдімін", – делінген Президенттің үндеуінде.

Дэвид Хаггерти 2015 жылдан бері халықаралық теннис ұйымын басқарып келеді. Бұған дейін АҚШ теннис қауымдастығының (USTA) президенті қызметін атқарған. 2020 жылдан бастап Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі.

Ербол Мырзабосынов Мемлекет басшысының атынан World Tennis президентіне "Достық" орденін табыстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2026 16:38

Cурет: Telegram/QR Turizm jäne sport ministrlıgı

Марапаттау рәсімінде Қазақстан теннис федерациясының президенті, World Tennis вице-президенті Болат Өтемұратов Дэвид Хаггертиге қазақ халқының құрметі мен қонақжайлығының белгісі ретінде шапан жапты.

Ербол Мырзабосынов Мемлекет басшысының атынан World Tennis президентіне "Достық" орденін табыстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2026 16:38

Сурет: Telegram/QR Turizm jäne sport ministrlıgı

Айта кетейік, 10-13 қазан күндері Алматыда өтіп жатқан World Tennis Бас ассамблеясына 137 елден 262-ден астам делегат қатысуда. Жиында әлемдік теннисті дамыту, балалар мен жасөспірімдер спортын қолдау, инфрақұрылымды жетілдіру, халықаралық жарыстарды ұйымдастыру және ұлттық федерациялар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқылануда.

Ербол Мырзабосынов Мемлекет басшысының атынан World Tennis президентіне "Достық" орденін табыстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2026 16:38

Cурет: Telegram/QR Turizm jäne sport ministrlıgı

Ауқымды халықаралық форумның Қазақстанда өтуі еліміздің әлемдік спорт қауымдастығындағы беделін арттырып, халықаралық серіктестікті кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!