Қазақстандық есепші мен мұғалім бес жыл бойы өздеріне бөтен адамдардың жалақысын аударып отырған
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Петропавлда №42 орта мектептің есепшісі мен мұғаліміне мемлекеттік қаражатты ірі көлемде жымқырғаны үшін сот үкімі шықты. Олар бес жыл бойы өздеріне заңсыз түрде өзге адамдардың жалақысын аударып отырған. Келтірілген шығын көлемі 89 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, бюджет қаражатын жұмсау кезіндегі заңдылықтың сақталуына жүргізілген қадағалау тексерісі барысында жүйелі қаржылық заңбұзушылықтар анықталған.
Тергеу мәліметінше, 2019 жылғы тамыздан 2024 жылғы тамызға дейін мектептің бас есепшісі білім беру саласы қызметкерлерінің еңбекақысына арналған қаражатты заңсыз аударып отырған.
Жымқырылған қаражаттың жалпы сомасы 89 миллион теңгеден асты. Оның ішінде 25 миллион теңге көлеміндегі шығынға осы оқу орнының мұғалімдерінің бірі тікелей көмектескен.
"Анықталған заңбұзушылықтар бойынша Петропавл қаласының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", – делінген хабарламада.
Петропавл қалалық сотының шешімімен екі айыпталушы да кінәлі деп танылды. Сот есепшіні 8 жылға, ал мұғалімді 7 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар сотталғандарға 10 жыл бойы материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Бұған дейін Қызылорда облысында білім беру саласындағы ірі қаржылық алаяқтық әшкереленген еді. Жергілікті балабақшалардың бірінің есепшісі 21,5 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:20, 14 қазан 2026
Атырауда «Atyrau Open 2026» халықаралық шахмат турнирі жалғасуда
-
11:14, 14 қазан 2026
Қостанай облысында КАМАЗ бен мотоцикл соқтығысып, бір адам қаза тапты
-
11:10, 14 қазан 2026
Қазақстанда Филиппин елшілігі ашылуы мүмкін
-
11:03, 14 қазан 2026
АҚШ-та 42 жастағы ер адам аттракционнан құлап қаза тапты
-
10:55, 14 қазан 2026
Алматыда тұраққа таласқан ер адам жанжалдан кейін көз жұмды





