Елена Рыбакинаның Тоби есімді жаңа досы пайда болды
© Сурет: Instagram/LenaRybakina
Әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Бейжіңдегі турнирден кейін қалпына келіп жатқан кезде, жақында жаңа үй жануарын асырап алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Үлкен дулыға" турнирлерінің үш дүркін чемпионы бұл жаңалықты Instagram парақшасында итпен түскен суретін жариялау арқылы бөлісті.
"Үйге қош келдің, Тоби", – деп жазды Елена Рыбакина.
US Open-2026 турниріндегі жеңісінен кейін Рыбакина Бейжіңде өткен WTA-1000 жарысының алғашқы кезеңінде күтпеген жерден жеңіліп қалған еді.
Осыдан кейін ол Ухань қаласында өтіп жатқан тағы бір WTA-1000 турниріне қатысудан автоматты түрде бас тартты.
Елена қалпына келіп, 19-25 қазан аралығында Нинбода өтетін WTA-500 турниріне дайындалып жатқанда, Уханьда Қазақстан намысын Юлия Путинцева қорғап жүр.
Қазақстанның екінші ракеткасы аталған жарыстың іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, қазір жекелей сында негізгі жеребенің екінші айналымына шығу үшін бақ сынап жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:45, 13 қазан 2026
Қар, жаңбыр, тұман және шаңды дауыл: 14 қазанға арналған ауа райы болжамы
-
17:42, 13 қазан 2026
Қазақстанда тұрғын үй бағдарламалары бойынша бастапқы жарна төмендеуі мүмкін
-
17:28, 13 қазан 2026
50 мың теңгеге дейін сыйақы ұсынады: ҚМА студенттерді дропперлікке қалай тартатынын айтты
-
17:15, 13 қазан 2026
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді
-
17:10, 13 қазан 2026
Дзюдошы Шерзод Давлатов әлемдік рейтингте үздік ондыққа кірді






