Ауқатты отбасыға асыраушысынан айырылған жағдайда төлемақы тағайындалады ма

18:24, 16 қазан 2026
MKZ: 1572823

© Сурет: ҚР ІІМ

2026 жылғы 16 қазанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының басшысы Алмас Құрманов Еңбек министрлігінің жаңа ережелеріне сәйкес асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін төлемдерге қатысты ерекшеліктерді атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, мұндай жағдайда да отбасыға асыраушысынан айырылу бойынша төлем тағайындалады.

"Егер жұбайы асыраушы болып, ал зайыбы оның асырауында болса, кенеттен жұбайы қайтыс болған жағдайда, әрине, әйел адам асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алады. Өйткені оның күтімді қажет ететін балалары бар, олар балабақшаға, мектепке, бастауыш сыныптарына барады дегендей", - деді Құрманов.

Ол бұл төлем әл-ауқат санаттарына қарамастан беріле беретінін атап өтті.


"Егер күйеуі А немесе Б санатында болса, яғни бұл қамтамасыз етілген отбасы болды делік. Ол қайтыс болған жағдайда, санатына қарамастан, зайыбына асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы төленетін болады. Отбасы санатқа қарамастан төлемді алады", - деді спикер.

Бұған дейін министр әл-ауқат санатттары калькуляторы алимент пен жәрдемақы түріндегі "табысты" есепке алатынын-алмайтынын айтқан болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!