Атырау облысында жол көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан бой тасалаған жүргізуші ұсталды

13:39, 8 қазан 2024

© Фото: Zakon.kz

6 қазан күні сағат 02:30 шамасында Маденов көшесі тұсында Volkswagen Polo автокөлігі басып озу кезінде жолдың қарама-қарсы бағытына шығып қатарлас келе жатқан Toyota Prado автокөлігіне соқтығысып, оқиға орнынан кетіп қалған.

39 жастағы жүргізуші қала аумағынан ұсталды.

Аталған дерек негізінде, оған қатысты жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамау, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару, Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Осы ретте полицейлер жол ережесін қатаң сақтауларыңызды ескертеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!