Ақтөбе облысының прокуроры есірткі қылмысының алдын алу шараларының тиімсіз екенін айтты

22:28, 7 қазан 2024

© Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Ақтөбе облысының прокуроры Халидулла Дәуешов есірткі қылмысының алдын алу шараларының тиімсіз екенін айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы прокуратурасында 2024 жылдың өткен кезеңінде есірткі қылмыстарының алдын алу бойынша уәкілетті органдармен қабылдаған шаралардың тиімділігінің жай-күйі және осы санаттағы қылмыстық істерді тергеп-тексеру сапасына қатысты облыстық Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі өтті.

"Облыс прокуроры Халидулла Дәуешов есірткі қылмысының алдын алу шараларының тиімсіз екеніне жиналғандардың назарын аударды. Есірткі заттарын өндіру немесе өңдеу үшін қолданылатын есірткі зертханаларын, прекурсорларды және улы заттарды анықтау жұмыстары жеткіліксіз ұйымдастырылған. Үйлестіру кеңесінің қорытындысымен өңірде есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу қызметін күшейтуге бағытталған іс-шаралар кешені әзірленді", делінген өңірлік прокуратура баспасөз қызметінің хабарламасында.

Үйлестіру кеңесінің отырысын ашқан облыс прокуроры Халидулла Дәуешов, есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстармен күрес - республиканың құқық қорғау органдарының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Дегенмен, облыстағы нашақорлық жағдай, құқық бұзушылықтың алдын алу органдарымен тиімді шаралар қабылдау қажеттігін көрсетеді.

Биылғы жылдың 8 айында облыста есірткі қылмысының саны 68 ​​пайызға артқан. Заңсыз айналымнан 379 келі есірткі заттары тәркіленді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 36%-ға (2023 ж. – 277 келі) артық.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!