Петропавлда өртеніп жатқан үйден полицейлер ер адамды аман-есен алып шықты
© Сурет: pixabay
Петропавлда полиция қызметкерлері өртеніп жатқан үйден ер адамды аман-есен алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 қазанға қараған түні сағат 03:00 шамасында патрульдеу барысында Петропавл қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Санат Еменалин мен Ерлан Тайланов Жұмысшы ауылындағы үйлердің бірінде өрт болып жатқанын байқайды. Өрт сөндірушілерді шақырғаннан кейін, полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына қарай бет алады. Жалын шаруа қожалықтары мен уақытша баспанаға тез тарады. Көршілердің бірі осы уақытша баспанада адамдар тұрып жатқанын айтқан.
"Есік оттың кесірінен жабылып қалды. Біз терезені сындырып, терезеге жақындаған адамды түтіндеп жатқан үйден шығарып алдық. Осы мезетте өрт бөлмені шарпыды. Жарылыс естілді. Мүмкін газ баллоны жарылған шығар деген ойға келдік", – дейді Санат Еменалин.
Көршілермен бірге полиция қызметкерлері өрт сөндірушілер келгенше өртті оқшаулау шараларын қабылдады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:54, 7 қазан 2024
«Жасөспірім қыздарды ұрып-соғып, видеоға түсірген». Ақтауда банда құру фактісі анықталды
-
19:43, 7 қазан 2024
Серік Жұманғарин: Біздің алдымызда биыл Қытайға 2 млн тонна астық жеткізу міндеті тұр
-
19:22, 7 қазан 2024
Ресеймен арадағы шекарада өткізу бекеттерінің бірінде шектеу шаралары енгізіледі
-
18:52, 7 қазан 2024
«Қар, жаңбыр, тұман». Еліміз бойынша 8 қазанға арналған ауа райы болжамы
-
18:49, 7 қазан 2024
ІІМ басшысы Талғардағы жасөспірімнің өлімі бойынша қозғалған қылмыстық істі өз бақылауына алды