Ресеймен арадағы шекарада өткізу бекеттерінің бірінде шектеу шаралары енгізіледі

19:22, 7 қазан 2024

© Сурет: Zakon.kz

Ресей Федерациясымен шекарадағы жолды жөндеу жұмыстарына байланысты "Тасқала" өткізу пунктінде шектеу шаралары енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылдың 7 қазанынан бастап Қазақстанмен іргелес Саратов облысындағы "Озинки" автомобиль өткізу бекетінде – Тасқала өткізу пунктінде жүк тасымалы жолағындағы жол төсеміне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланғанын хабарлайды. Осыған байланысты өткізу пунктінде шектеулер болуы мүмкін. Жөндеу жұмыстарының аяқталуының болжамды мерзімі - 2024 жылдың 31 қазанына дейін", делінген аталған комитеттің Telegram арнасында.

ҚР ҚМ МКК "Тасқала" автомобиль өткізу пункті арқылы мемлекеттік шекараның Қазақстан-Ресей учаскесін кесіп өтуді жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұрайды.

Бұған дейін Ақтөбе облысындағы "Жайсан" өткізу пунктінің алдында Ресей Федерациясы бағытынан ағылған жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегі пайда болғаны туралы БАҚ-тарда ақпарат жарияланды. Көп ұзамай Мемлекеттік кірістер комитеті түсініктеме беріп, өткізу пунктінің штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!