Интернеттегі суицид насихаты: Бас прокурор мәлімдеме жасады

17:42, 7 қазан 2024

© Сурет: Zakon.kz

ҚР Бас прокуроры Берік Асылов жасөспірімдердің жаппай суициді бойынша жүргізіліп тергеу барысын баяндап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның мәліметінше, интернетте суицидті насихаттауға қатысты прокуратура ҚР Қылмыстық кодекстің 313-1-бабы бойынша сотқа дейінгі үш тергеу шараларын бастады.

"Қылмыстық істерді тергеуді арнайы прокурорларға тапсырдым. Балаларды өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу мазмұнындағы бірнеше Telegram-арналардың әкімшілері мен оған қатысушылар тексерілетін болады. Қажетті тергеу амалдары жүргіземіз, бірқатар сараптамалар тағайындаймыз", - деп жазды Асылов Х желісінде.

2024 жылы 3 қазанда Алматы қалалық прокуратурасы суицидтік бағытта бұйрық беретін Telegram-арнаның анықталғанын хабарлады. 6 қазанда Бас прокурор Берік Асылов күмәнді сайттарды тексеріп, балалардың орнына қаскөйлермен ойнап көргендерін айтты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!