2025 жылғы Дэвис Кубогы: Қазақстан құрамасы Пәкістанмен бақ сынасады

22:46, 7 қазан 2024

© Сурет: ktf.kz

7 қазанда Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 2025 жылғы Дэвис Кубогының I және II Дүниежүзілік топтары бойынша тартылған жеребе нәтижелерін жариялады. Қазақстан құрамасы бірінші топқа енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисшілер келесі жылдың басында Пәкістан командасымен кездеседі, деп хабарлайды ITF баспасөз қызметі.

I Дүниежүзілік топтың плей-офф ойындары келесі маусымда 31 қаңтардан 1 ақпанға дейін немесе 1-2 ақпанда "өз алаңы немесе сырт алаң" қағидаты бойынша өтеді.

I Дүниежүзілік топтың плей-офф кезеңінің 13 жеңімпазы 2025 жылдың қыркүйегінде I Дүниежүзілік топ аясында өнер көрсетеді. Ал жеңіліске ұшыраған 12 ел II Дүниежүзілік топтың матчында ойнайды.

I Дүниежүзілік топтың матчтары келесі жылы 13-14 немесе 14-15 қыркүйекте өтеді. I дүниежүзілік топтың 13 жеңімпаз елі 2026 жылғы Дэвис Кубогының іріктеу матчтарына қатысады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!