Ақтөбеде қыркүйек айында «Жастарға кеңес» жобасы сегіз рет өткізілді
© Фото: zakon.kz
«Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен жыл басынан бері «Жастарға кеңес» жобасы өткізіліп келеді.
Жобаның мақсаты - жастардың бойында патриоттық сезім мен рухани тәрбиені қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, құқықбұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу, буллинг пен лудоманияға қарсы иммунитет қалыптастыру және ерте жүктіліктің алдын алу.
2024 жылдың қыркүйек айында 8 рет «Жастарға кеңес» жобасы өткізілді. «Жастарға кеңес» жобасы ер балаларға бөлек, қыз балаларға бөлек өткізілуде.
Ер балаларға арналған кездесу Ақтөбе автожол колледжін де, Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжін де, Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжін де және Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжінде ұйымдастырылды.
Кездесуге қалалық мәслихат депутаты Абай Дидарұлы, қалалық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры Самжами Санатұлы , РӘҚ «Қазақстанның әкелері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Амангос Кулов, «Ақтөбе облысының Таулы Қарабах ардагерлерi одағының» төреғасы - Толыбай Дюсенбаев және қалалық прокуратураның бөлім прокуроры - Ануар Алдаберген, ҚР Ауған соғысы ардагерлерінің орталық кеңесінің төрағасы Марат Қойлыбаев, ПБ Алматы ауданы № 3, полиция капитаны Жандос Ешманов және мұнай саласының маманы Өмірсерік Таяуов қатысты.
Қыз балаларға арналған кездесу А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжін де, Кеңес одағының батыры М.Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжін де, Бопай ханым атындағы жоғары медициналық колледжін де, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжін де және «Болашақ» көпсалалы колледжінде өткізілді.
Кездесуге Ақтөбе қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры - Самжами Санатұлы, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы - Мағауия Игизбаева, Медиатор, ҚР ең үздік әйелі орденінің иегері - Бибігүл Әбдішүкірқызы, ювеналдық полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты - Жумагуль Курмангазина, Қазақстанның Мәдениет саласының үздігі, «Шолпы» қоғамдық қорының басшысы, Республикалық «Ана» журналының редакторы - Алмагүл Сарыбай мен «Отбасын қолдау орталығы» КММ басшысы - Бибігүл Қалел қатысты.
Жалпы қыркүйек айында «Жастарға кеңес» жобасында 1100 тарта қала жастары қамтылды.
«Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен қыркүйек айында өткізілген қайырымдылық іс-шаралары:
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген ұстанымды ұстанатын Ақтөбе қаласының жастары қашанда қайырымдылық көрсетіп, қол көмектерін беруге асық.
Жалпы орталықтың ұйымдастыруымен үздіксіз «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы өткізіледі. Халықаралық қайырымдылық күніне және Отбасы күніне орай қыркүйек айында 4 рет қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Қайырымды іспен айналысу сынды ізгі амал жасауды азаматтық парыз санайтын жастар қарт кісілердің ауласын тазалап, бау-бақша жұмыстарына атсалысты.
Қиналған кезінде қамқорлыққа бөленген қарт кісілер қол ұшын созған жастарға алғыстарын айтып, батасын берді.
1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында концерттік іс-шара өтті. Өмірдің бұралаң жолында, даналық соқпағын қалдырған қарттарымызға мерекелік көңіл күй сыйлау, жастарды үлкенді сыйлап тыңдай білуге, ұлттық құндылықтарды насихаттауға үндейтін бұл шарада белсенді қала жастары ән айтып, домбыра шертті. Орталық басшысы Самғат Жанболатұлы асыл қарттарымызды мерекемен құттықтап, орталық атынан гүл шоқтарын тарту етті.
Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы 14-35 жас аралығындағы 162 223 жастың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіп келеді. Мысалға «Жаз өтті, жапырақ тоналды...» атты поэзия кеші. Поэзия кеші қала жастарының шығармашылық қасиеттерін дамыту, поэзия мен көркем тілге деген сүйіспеншілікті арттыру, жас таланттар мен оқырмандардың, әдебиеттегі аға буын мен жас толқынның ұрпақтар сабақтастығын жалғау, олардың ақындық ақындық қабілеттерін шыңдау, заман талабына сай поэзияның негізін қалау мақсатында ұйымдастырылған шараға қаламызға белгілі Айболат Көшкінбай, Дәурен Тлеухан, Нұрсерік Тәуекел, Айсұлтан Мақсатұлы, Злиха Наурызалина секілді жас ақындар қатысты. Шарада сондай-ақ көрермендер арасынан суырылып шығып, өз шығармашылығынан өлең, әңгіме оқып, ән айтқандарда болды. Жүрек дүрсілі өлең деп соққан, өлеңге аңсары ауған жалынды жастар әдемі кештің куәсі болып, өз ризашылықтарын білдіріп тарқасты.
Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, 125 «High school Aktobe» ЖШС қолдауымен ынтымақтастық Мемарандумы аясында «Домбыра therapy» атты кеш өткізді. Өскелең ұрпақтың ата бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызығушылық сезімін оятып, тарихтың куәгеріне айналған қасиетті қара домбыраны қастерлеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және рухани жаңаруымызға үлес қосуды мақсат еткен бұл кешке қаламызға белгілі күйші, термешілер қатысты. Ұлы мұрамызды ұлықтайтын домбыра кешінде Шабай Азирбаев, Темір Өтебай, Жанерке Құттығай, Берекет Балмұқан, Бану Айтжанова, Ақжол Елімбаев және Асылбек Серіков қазақтың киелі аспабының құлағында ойнап, күмбірлеген күймен, әуезді әнмен кешті ерекше тылсым әсерге бөледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:30, 21 желтоқсан 2024
Тоқаев Германия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
16:25, 21 желтоқсан 2024
Астанада «несие алып бергіш» әйел құрықталды
-
15:48, 21 желтоқсан 2024
Жетісу облысында кезекті есірткі зертханасының көзі жойылып, шетелдік азаматтар ұсталды
-
15:29, 21 желтоқсан 2024
Байбазаровтың орнын Жұманғарин басты. Сарапшы Үкіметтегі ауыс-түйістің нені білдіретінін айтты
-
14:41, 21 желтоқсан 2024
Қазақстандағы Италия елшісі қызметінен кетті