Атырауда жер телімін заңсыз иеленгендерге 4,2 млн теңге айыппұл салынды

20:19, 7 қазан 2024

© Сурет: pexels

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті 26 жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік жерлерді заңсыз иеленгені үшін әкімшілік іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Заңсыз иеленген жер учаскелерінің аумағы 3,8 гектарды құрады. Салынған әкімшілік айыппұлдар көлемі - 4,2 млн теңге", делінген ҚР АШМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ, департамент бір жыл бұрын 60 гектар жер учаскесін иеленген "Ш" шаруа қожалығына осы учаскені мақсатты пайдалануға сәйкес игеру қажеттілігі туралы тапсырма берген болатын.


"Тапсырма орындалмағандықтан, департаменттің сотқа жер учаскесін міндетті түрде тартып алу туралы талап-арызы ҚР Жер кодексінің 94-бабына сәйкес қанағаттандырылды".

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!