«Менің ұлым, анау айтқандай, құбыжық емес». Сотты болып жатқан P. Diddy-дің анасы мәлімдеме жасады
© Сурет: Instagram/diddy
Америкалық хип-хоп жұлдызы әрі Голливудтағы ең бай адамдардың бірі П. Диддиге жыныстық зорлық-зомбылық, адам саудасы және басқа да қылмыстық әрекеттер бойынша айып тағылып отыр. Комбстың анасы Дженис Смоллс ұлын алып-қашпа сөздерден қорғап, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол өз арызын адвокаты арқылы жолдаған. Page Six басылымының хабарлауынша, әншінің анасы P. Diddy-ға тағылған айыптар шындықтан емес, "өтіріктен жасалған хикаяттардан" құралған деген пікірде.
Сөйткен Дженис Смоллс бұл өтіріктерден жаны жараланып, көңілі құлазуда екенін жеткізеді.
"Менің ұлым, анау айтқандай, құбыжық емес. Маған тек ол шындықты айтып, босап шыққанға дейін өмір сүрсем деп дұға етуден басқа амал жоқ", - дейді ол.
Дженис Смоллс Комбс ұлын өзін қорғауға лайық екеніне сенімді:
"Мен ұлымды мінсіз адам ретінде көрсеткім келіп жатқан жоқ. Ол мінсіз деп айта алмаймын. Өзінің өткенінде біз сияқты ол да қателіктерге жол берген".
2024 жылдың 16 қыркүйегінде Комбс қамауға алынды. Оған жыныстық зорлық-зомбылық, адам саудасы бойынша айыптар тағылды. 17 қыркүйектегі алғашқы сот отырысында Комбс өзіне тағылған айыптардың ешқайсысын мойындамады. 2024 жылдың 1 қазанында Комбсқа 2000-2010 жылдардағы шабуылдарды қамтитын тағы 120 адамнан талап-арыз келіп түсті. Олардың 25-і - кәмелетке толмағандар, арасында қыз да ұлдар да бар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:52, 7 қазан 2024
«Қар, жаңбыр, тұман». Еліміз бойынша 8 қазанға арналған ауа райы болжамы
-
18:49, 7 қазан 2024
ІІМ басшысы Талғардағы жасөспірімнің өлімі бойынша қозғалған қылмыстық істі өз бақылауына алды
-
18:21, 7 қазан 2024
Атырау облысында Каспий теңізі жағалауындағы қамысты алқап өртеніп жатыр
-
17:57, 7 қазан 2024
Петропавлда өртеніп жатқан үйден полицейлер ер адамды аман-есен алып шықты
-
17:51, 7 қазан 2024
Екі өңірді қамтыған алапат өрт: қызыл жалын 21 гектар жерге тарап үлгерді