Ақмола облысындағы астық қоймасында өрт шықты

20:15, 25 қыркүйек 2024

© Сурет: видео скрині

Ақмола облысының құтқарушылары астық қоймасындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Есіл ауданының әкімшілік орталығы элеваторларының бірінің астық қоймасында өрт шықты.

Өртті жоюға Есіл ауданының гарнизоны күштері мен құралдары, жергілікті атқарушы органдар, ҚТЖ өрт сөндіру поезы және мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмылдырылды. Өрттің ауданы - 900 шаршы метр.


Жинақталған агроөнімдердің саны анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!