Өзбекстанда қызын 25 мың долларға сатпақ болған әйел сотталды

10:27, 25 қыркүйек 2024

© Фото: pexels

Өзбекстанда 41 жастағы әйел жасөспірім қызын сатпақ болғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Qalampir басылымы жазғандай, келісім жасау үшін әйел Қашқадариядан келген. Ол 13 жасар қызын 25 мың долларға бағалап, қаражатты алғаннан кейін мейрамханада тұтқындалды. Әйел өзінің үйі жоқ екенін алға тартып, бұл қадамға дәл осы себептен барғанын айтты. Сондай-ақ, жасаған ісіне өкінетінін де жасырмады.

Сот оны кінәлі деп тауып, бес жылға соттады. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады. Ал, балалары мемлекеттік қорғауға берілді.

Бұған дейін Ақтөбе облысында Өзбекстаннан әкелінген 2,5 тонна шығыс жеміс жемірімен зақымдалған шабдалы партиясының көзі жойылғаны белгілі болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!