Атырауда өрт орнынан әйел адамның мүрдесі табылды

10:34, 25 қыркүйек 2024

© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

25 қыркүйекте Атырау қаласы Алмагүл ықшамауданында алты қабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, оқыс оқиға тұрғын үйдің 1 қабатында пәтерде 74 ш. м. алаңда орын алды. Құтқарушылар өртті сөндіріп қана қоймай, жалпы саны 67 адамды эвакуациялады.

Алайда, оқиға орнында 70 жастағы әйел адамның өлі денесі табылды. Сондай-ақ, оның 30 жастағы ұлы күйік алып ауруханаға жатқызылды.


"Өрттің алдын ала себебі - қасақана өртеу",- делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматыдағы моншада өрт шыққаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!