«Астанаэнергосбыт» ЖШС электрмен жабдықтау қызметін тоқтатады
© Сурет: pxhere
2025 жылдан бастап "Астанаэнергосбыт" ЖШС электрмен жабдықтау қызметін тоқтатады. Бұл қызметтер енді энергия тасымалдаушы ұйым – Астана-АЭК-ке өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұндай шешім биыл қабылданған заңға сәйкес жүзеге асырылды.
"2025 жылғы 1 қаңтардан бастап "Астанаэнергосбыт" ЖШС электрмен жабдықтау бойынша жұмысын тоқтатады. Электр қуатымен қамтамасыз ету қызметі "Астана – Аймақтық электржелілік компаниясы" АҚ (Астана-АЭК) беріледі. Осыған байланысты абоненттерден электрмен жабдықтау қызметіне қатысты сұрақтар бойынша Астана-АЭК-ке хабарласуды сұраймыз", делінген хабарламада.
"Астанаэнергосбыт" тек қана жылу мен ыстық суға жауап береді. Осыған байланысты компания 1 қаңтардан бастап елордадағы екі сервис орталығын жабады:
- №3 Сервис орталығы, Абылай хан даңғылы, 49;
- №4 Сервис орталығы, Бөгенбай батыр даңғылы, 24/1.
Клиенттер Әйтеке би көшесі, 3 үй, А блогындағы №1 Сервис орталығына, сондай-ақ Қажымұқан көшесі, 6 үйде орналасқан №2 Сервис орталығына хабарласа алады. Бұл екі орталықта мамандар төлемдерді салыстыру, жеке тұлғалардың есептеулері, жылу энергиясымен жабдықтауға қызмет көрсетуге шарт жасасу бойынша кеңес береді, сондай-ақ халықтан төлемдер қабылдайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:13, 2 қаңтар 2025
Қарағандылық құтқарушылар шетелдік әйелге көмек қолын созды
-
16:36, 2 қаңтар 2025
Тоқаев Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады
-
16:25, 2 қаңтар 2025
Ақтөбе облысында Жаңа жыл түні ер адам электр қосалқы станциясында көз жұмды
-
15:57, 2 қаңтар 2025
Түркістандық полицейлер боранды күні жолда қалған 60 көлікке көмек көрсетті
-
15:34, 2 қаңтар 2025
Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты: әуежайда тінту жүргізілді