Астанада «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары марапатталды
© Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Астанада Astana Media Week 2026 мерейтойлық медиа апталығы аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Биыл қос сыйлық алғаш рет Qazaqstan Media Awards ортақ атауымен табысталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, салтанатты іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен отандық медиа саласының өкілдері, журналистер, редакторлар, тележүргізушілер мен шығармашылық ұжымдар қатысты.
Марапаттау рәсімінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев сөз сөйледі. Министр жаңа технологиялар мен жасанды интеллект қаншалықты қарқынды дамыса да, кәсіби журналистика мен өз ісіне адал мамандар қашанда сұранысқа ие болатынын атап өтті.
"Мемлекет басшысы журналистика саласына әрдайым ерекше көңіл бөліп, әлеуметтік және моральдық тұрғыдан үнемі қолдау көрсетіп келеді. Болашақта да мемлекеттің медиа саласына қатысты саясаты өзгермейді деп ойлаймын", – деді Арман Қырықбаев.
Іс-шараға Құрылтай депутаттары Сергей Пономарев, Үнзила Шапақ, Жанарбек Әшімжан, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртөре Жүсіп, Q.AI бас директоры Дмитрий Мун, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Асқар Омаров, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен медиа саласының өзге де өкілдері қатысты.
Биыл байқаудың 12 номинациясы бойынша 600-ден астам өтінім түсті. Сыйлыққа телевизия, баспасөз, радио және интернет журналистикасы саласындағы жұмыстар қабылданды.
Осы жылы заманауи медиатехнологиялар мен журналистиканың жаңа форматтарын дамытуға айрықша назар аударылды. Алғаш рет "Журналистиканың болашағы: жасанды интеллект саласындағы үздік жоба" номинациясы енгізілді.
Жеңімпаздарды белгілі журналистер, медиа саласының өкілдері мен сала сарапшыларынан құралған тәуелсіз қазылар алқасы анықтады.
"Тұмар" және "Үркер" ұлттық сыйлықтары 2017 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен тағайындалған. "Тұмар" сыйлығы отандық телевизияны қолдауға және дамытуға бағытталса, "Үркер" баспасөз, радио және интернет журналистикасындағы жетістіктер үшін беріледі.
2026 жылғы "Тұмар" және "Үркер" ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары:
"Тұмар – 2026" ұлттық телевизиялық сыйлығы
- Үздік тележүргізуші – Вероника Вишневская, "Еуразия" бірінші арнасы;
- Үздік деректі жоба – 24KZ, "4739";
- Үздік телевизиялық материал – Qazaqstan, "Қарқынды құрылыс";
- Үздік әлеуметтік жоба – Jibek Joly, "Правда в деталях";
- Үздік телехикая – Астана TV, "Ауыл бапкері";
- Үздік ақпараттық-талдамалық бағдарлама – 7-арна, "Новости".
"Үркер – 2026" ұлттық сыйлығы
- Жылдың үздік журналисі – Жанар Сердалина;
- Үздік радиожоба – Қазақ радиосы, "Ойтұма" бағдарламасы;
- Журналистиканың болашағы: жасанды интеллект саласындағы үздік жоба – Altainews Media Centre, "AI-ЖАН";
- Үздік медиажоба – Tengrinews, Tengri TV;
- Жылдың үздік материалы – Мирамгүл Рахатқызы, "Ақтөбе" газеті, "Жасанды интеллект: адамзат жаңа дәуірге аяқ басты";
- Үздік талдамалық материал – Лаура Тусупбекова, "Казахстанская правда" газеті, "Моя ДНК – наше богатство".
Qazaqstan Media Awards – 2026 арнайы жүлделері
- Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені – 30 жыл;
- Информбюро – 30 жыл.
Бұған дейін Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:56, 16 қазан 2026
Астанада тұрғын үй кешенінде лаң салған жартылай жалаңаш ер адам видеоға түсіп қалған
-
19:51, 16 қазан 2026
«Қар жауып, үсік жүреді». Еліміз бойынша 17 қазанға арналған ауа райы болжамы
-
19:45, 16 қазан 2026
Тоқаев Тұран жолбарысының популяциясын қалпына келтіруге көмектескен Ресейге әрі Путинге алғыс айтты
-
19:27, 16 қазан 2026
Гранит тақталарды ұрлау, ағаштарды заңсыз кесу, фейктер: Боқаев ісі бойынша сот отырысында прокурор не айтты
-
19:14, 16 қазан 2026
«Бөтеннің атына тіркелген онлайн-несие». Қостанайда алаяқтық ісі бойынша тергеу жүріп жатыр





