Астанада тұрғын үй кешенінде лаң салған жартылай жалаңаш ер адам видеоға түсіп қалған
© Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің подъезі мен жеделсатысында жартылай жалаңаш жүрген ер адамның видеосы тарады. Астана қалалық полиция департаменті екі ер адамның ұсталғанын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Astanovka98 Telegram арнасында мас болуы мүмкін ер адамның әдепсіз әрекеті тіркелген бейнежазба жарияланды. Видеодан оның әуелі жеделсатыны тепкілеп, содан кейін баспалдақ алаңында тұрған балалар арбасын аударып тастағанын көруге болады.
"Содан кейін ол бұтындағы жалғыз лыпасын да шешіп, дәрет сындырмақ болады. Кейін ол бөтен пәтерге кіріп кетеді. Тұрғындарға есін жидыру үшін бұзақыға күш қолдануға тура келді", делінген жарияланымда.
Сондай-ақ камераға екі ер адамның төбелескен сәті де түсіп қалған.
"Қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі бойынша полиция қызметкерлері 27 және 30 жастағы екі ер адамды анықтап, ұстады. Ұсақ бұзақылық жасағаны және тыныштықты бұзғаны үшін екі ер адам да әкімшілік жауаптылыққа тартылып, уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Сонымен қатар, 30 жастағы ер адам қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүргені үшін де жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды". Астана қалалық ПД баспасөз қызметі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:55, 17 қараша 2026
Мұнай арзандайды, ЖИ триллиондаған доллар инвестиция тартады: бұл Қазақстанға қалай әсер етеді
-
15:48, 17 қараша 2026
17 қарашадағы саудада доллар бағамы сәл төмендеді
-
15:37, 17 қараша 2026
Қазақстанда төрт коллекторлық агенттік қызмет көрсету құқығынан айырылды
-
15:24, 17 қараша 2026
Астана тұрғындарына ыстық су үшін артық төлемеудің жолы түсіндірілді
-
15:15, 17 қараша 2026
Қазақстанда бастапқы жарнасы 10%-дан басталатын жаңа тұрғын үй бағдарламасы әзірленіп жатыр





