Астанада Сирия мәселесі бойынша кездесу 30-31 қазан күндері өтеді

12:18, 19 қазан 2017

Астана процесі аясында Сирия жөнінде жоғары деңгейдегі кезекті кездесу 30-31 қазан күндері өтеді.

Жетінші халықаралық кездесуде тұтқындарды босату және із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру бойынша жұмыс тобының ережесі бекітіледі деп күтіліп отыр. Сондай-ақ тараптар  халықаралық терроризммен күрес мәселелерін қарастырады. Сирияда гуманитарлық минадан тазарту жұмыстарын жүргізу туралы бірлескен мәлімдемені қабылдау да жоспарда бар.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!