БҚО-да қатты боран соғып, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды
© Сурет: unsplash
Батыс Қазақстан облысында да табиғат мінез танытып, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды.
"Қазгидромет" РМК филиалының мәліметіне сәйкес, 14 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы аумағында қолайсыз ауа райы жағдайлары орын алуда. Өңірде көктайғақ, бұрқасын, қалың қар, тұман байқалады, сондай-ақ облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түсуде.
"Желдің екпіні 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін жетуде. Осыған байланысты автожолдарда көктайғақ пайда болып, көріну нашарлауда, бұрқасын салдарынан жолдардың жекелеген учаскелері жабылуда". БҚО әкімдігі
Қолайсыз ауа райына байланысты 14 желтоқсанда келесі тас жол учаскелері жабық:
- Орал – Атырау тас жолы;
- Үлкен Шаған – Переметный тас жолы.
Жабылу себебі – күшті бұрқасын.
Сағат 11:30-дағы жағдай бойынша қолайсыз ауа райына байланысты облыста бірқатар республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді. Қозғалыс шектелген учаскелер:
- KZ07-03, км 0–158 (Қазталовка – Жәнібек);
- KZ07-05, км 1–103 (Өнеге – Сайқын);
- KZ07-06, км 4–104 (Орал – РФ шекарасы);
- KAZ12, км 189–375 (БҚО – Атырау облысы шекарасы);
- KZ07-03, км 0–201 (Чапай – Қазталовка).
Сонымен қатар, ауа райының күрт нашарлауына байланысты облыстың бірқатар аудандарында электр энергиясының уақытша өшуі тіркелді.
"Қазіргі уақытта энергетика саласының қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп, электр желілерін қалпына келтіру шараларын жүргізуде.Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев энергетика саласына жауапты органдардың қатысуымен жиналыс өткізіп, ахуалды жеке бақылауына алды. Облыс әкімі өңірлік электр желілері ұйымдарына, төтенше жағдайлар қызметтеріне және жергілікті атқарушы органдарға электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарын жеделдету жөнінде нақты тапсырмалар берді", деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Атырауда қатты жел тұрып, үйлер, көліктер бүлініп, жарық жаппай сөніп қалғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:42, 2 наурыз 2026
Таяу Шығыс аймағынан 4 мыңға тарта отандасымыз елге қайта алмай отыр - БАҚ
-
22:05, 2 наурыз 2026
Өскемен әуежайының экс-басшысы 8 жылға сотталды
-
21:33, 2 наурыз 2026
Үкіметте су тасқыны қаупінің деңгейі жоғары өңірлердің аты аталды
-
21:16, 2 наурыз 2026
Көкшетауда бүтін бір отбасы иіс тиіп, ауруханаға түсті
-
21:00, 2 наурыз 2026
«Көктайғақ, тұман, боран». Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды





